User Guide - Windows 7

компьютерлерді жүйе жады мен қатты диск жетегі арасындағы кэш жады рәтінде пайдалануға
мүмкіндік береді. Бұл бір уақытта SSD жақсартылған жүйе жұмысының тәжірибесін қамтамасыз ете
отырып, ең үлкен сақтау сыйымдылығы үшін қатты диск жетегін (немесе RAID көлемі) иемдену
артықшылығын береді.
Қатты дискіні қоссаңыз не жаңартсаңыз және RAID көлемін орнатуды көздесеңіз, SRT мүмкіндігін
уақытша ажыратып, RAID көлемін орнатуыңыз керек, одан кейін SRT мүмкіндігін қосыңыз. SRT
мүмкіндігін уақытша ажырату үшін:
1. Пуск (Бастау) > Все программы (Барлық бағдарламалар) > Intel > Технология Intel Rapid Store
(Intel Rapid Store технологиясы) тармағын таңдаңыз.
2. Ускорение (Жылдамдату) сілтемесін таңдап, Отключить ускорение (Жылдамдату режимін өшіру)
сілтемесін басыңыз.
3. Аяқтау үшін Жылдамдату режимін күтіңіз.
4. Сбросить до доступных параметров (Қолда бар параметрді орнату) сілтемесін таңдаңыз.
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: RAID режимдерін ауыстыру кезінде SRT мүмкіндігін уақытша ажыратуыңыз
керек. Өзгертуді жасап, SRT мүмкіндігін қайта қосыңыз. Бұл мүмкіндікті уақытша ажыратпау RAID
көлемдерін жасау не өзгерту үшін кедергі келтіреді.
ЕСКЕРТПЕ: HP өзіндік шифрлау дискілері (SED) бар SRT мүмкіндігін қолдамайды.
Қызмет көрсетуге арналған есікті алу немесе қайта қою
Қызмет көрсетуге арналған есікті алу
Жад модулі ұясы, қатты диск пен басқа бөліктерге кіру үшін, қызмет көрсетуге арналған есікті алыңыз.
1. Батареяны шығарып алыңыз (Батареяны шығарып алу (41-бет) бөлімін қараңыз).
2. Батарея орнын өзіңізден қаратып, бұранда қақпағын алып (1), қызмет көрсету үшін ашатын
есіктің бұрандасын (2) бұрап босатыңыз.
50 8-тарау Дискілер