User Guide - Windows 7
6. Компьютерге жалғанған айнымалы ток пен сыртқы құрылғыларды жалғаңыз.
7. Компьютерді қосыңыз.
Қатты дискінің жұмысын жақсарту
Дискіні дефрагментациялау құралын пайдалану
Компьютерді біраз уақыт пайдаланғанда, қатты дискідегі файлдар фрагменттеліп қалады.
Фрагменттелген диск дегеніміз дискідегі деректер қатар (бірізді) орналаспаған, сондықтан, қатты диск
файлдарды табу үшін күштірек жұмыс істеп, бұл өз кезегінде, компьютер жұмысын баяулатады.
Амалдық жүйе тиімді жұмыс істеуі үшін, Disk Defragmenter (Диск дефрагментаторы) құралы қатты
дискідегі фрагменттелген файлдар мен қалталарды қайта біріктіреді (немесе физикалық түрде қайта
орналастырады).
ЕСКЕРТПЕ: Дискіні дефрагментациялау құралын жартылай өткізгішті дискілерде жұмыс істету қажет
емес.
Дискіні дефрагментациялау құралы басталғаннан кейін, ол қараусыз жұмыс атқарады. Дегенмен,
қатты дискінің өлшеміне және фрагменттелген файлдар санына байланысты, Disk Defragmenter
құралының жұмысы аяқталуы үшін бір сағаттан көп уақыт кетуі мүмкін.
HP қатты дискіні кем дегенде айына бір рет дефрагментациялауды ұсынады. Дискіні
дефрагментациялау құралының жұмысын айлық жоспарға орнатсаңыз болады, бірақ
дефрагментациялауды кез келген уақытта қолман жасауға да болады.
Дискіні дефрагментациялау құралын іске қосу үшін:
1. Компьютерді айнамалы ток көзіне қосыңыз.
2. Пуск (Бастау) > Все программы (Барлық бағдарламалар) > Аксессуары (Керек-жарақтар) >
Служебные (Жүйелік құралдар) > Дефрагментация дисков (Дискіні дефрагментациялау)
тармақтарын таңдаңыз.
3. Дефрагментация диска (Диск дефрагментациясы) тармағын таңдаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Windows жүйесі компьютердің қауіпсіздігін жақсарту үшін, пайдаланушы есептік
жазбасын басқару мүмкіндігін қамтиды. Бағдарламалық құралды орнату, утилиталарды іске қосу
немесе Windows параметрлерін өзгерту сияқты тапсырмаларды орындау үшін сізден рұқсат
немесе құпия сөз сұралуы мүмкін. Анықтама және қолдау бөлімін қараңыз. Анықтама және
қолдау орталығына кіру үшін, Пуск (Бастау) > Справка и поддержка (Анықтама және қолдау)
тармағын таңдаңыз.
Қосымша ақпарат алу үшін дискіні дефрагментациялау бағдарламалық құралының анықтамасын
қараңыз.
Дискіні тазалау құралын пайдалану
Қатты дискідегі орынды босатып, компьютер жұмысының тиімділігін арттыру үшін дискіні тазалау
құралы қатты дискіден еш қауіпсіз жоюға болатын файлдарды іздеп табады.
Дискіні тазалау құралын қосу үшін:
1. Пуск (Бастау) > Все программы (Барлық бағдарламалар) > Принадлежности (Қосалқы құралдар)
> Служебные (Қызметтік бағдарламалар) > Очистка диска (Диск тазалау) тармағын таңдаңыз.
2. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
54 8-тарау Дискілер