User Guide - Windows 7

1 Қосылғанда жанатын шам
Бұл компьютер жұмыс істеуді және көңіл көтеруді жақсартуға арналған қуатты құрал болып
табылады. Компьютердің мүмкіндіктерін барынша пайдалану мақсатында орнату жасағаннан кейін
орындауға болатын ең жақсы амалдар, компьютермен жасауға болатын қызықты әрекеттер және
қосымша HP ресурстарын алуға болатын орындар туралы білу үшін, осы бөлімді мұқият оқып
шығыңыз.
Ең жақсы тәжірибе
Компьютерді орнатқан және тіркеген соң, зерделі қаржыландырудың ең көбін алу үшін келесі
қадамдарды орындауды ұсынамыз:
Әлі қосылмаған болса, сымды немесе сымсыз желіге қосылыңыз. Егжей-тегжейлі ақпаратты
Желіге қосылу (16-бет) бөлімінен қараңыз.
Компьютердің аппараттық және бағдарламалық құралымен танысыңыз. Ақпарат алу үшін,
Компьютермен танысу (4-бет) немесе Көңіл көтеру мүмкіндіктерін пайдалану (20-бет)
бөлімін қараңыз.
Вирусқа қарсы бағдарламалық құрал сатып алыңыз немесе жаңартыңыз. Қосымша ақпаратты
Вирусқа қарсы бағдарламалық құралды пайдалану (45-бет) бөлімінен қараңыз.
Қалпына келтіру дискілерін немесе қалпына келтіру флэш жетегін жасау арқылы қатты дискінің
сақтық көшірмесін жасаңыз.
Сақтық көшірме жасау, алдыңғы күйіне қайтару және қалпына
келтіру (51-бет) бөлімін қараңыз.
Қызықты әрекеттер
Компьютерден YouTube бейнелерін көруге болатынын білесіз. Ал, компьютерді теледидарға
жалғап, бейнені теледидардан көруге болатынын білесіз бе? Қосымша ақпаратты
Видео
құрылғыларын HDMI кабелін пайдалану арқылы қосу (24-бет) бөлімінен қараңыз.
Сондай-ақ, компьютерден музыка тыңдауға болатынын білесіз. Ал компьютерге тікелей эфирдегі
радионы орнатып, бүкіл әлемдегі радио арналарының музыкасы мен бағдарламаларын тыңдай
алатыныңызды білесіз бе?
Дыбысты пайдалану (22-бет) бөлімін қараңыз.
Microsoft® бағдарламаларын пайдаланып керемет презентациялар жасай алатыныңызды білесіз.
Ал, ойларыңызды топпен бөлісу үшін компьютерді проекторға қосуға болатынын білесіз бе?
Бейне құрылғыларын VGA кабелі арқылы қосу (таңдаулы үлгілерде ғана) (23-бет) бөлімін
қараңыз.
Суреттер мен мәтін беттерін біркелкі басқару үшін сенсорлы тақта мен жаңа Windows® түрту
қимылдарын қолданыңыз.
Сенсорлы тақта іс-қимылдарын пайдалану (26-бет) бөлімін қараңыз.
Ең жақсы тәжірибе 1