User Guide - Windows 7

Оң жағы
Бөлік Сипаттама
(1)
Қуат шамы
Қосулы: компьютер қосулы.
Жыпылықтау: қуатты үнемдеу режимі болып
табылатын «Ұйқы күйі» қосылған. Компьютер
дисплейдің және басқа да қажет емес құрамдас
бөліктердің қуатын өшіреді.
Өшірулі: компьютер өшірулі немесе күту күйінде. Күту
күйіең аз мөлшерде қуат тұтынатын қуатты
үнемдеу режимі.
(2)
Қатты диск шамы
Ақ жарықпен жыпылықтап тұрғанда: катты диск
пайдаланылуда.
(3)
Жад картасын оқу құрылғысы Ақпарат сақталатын, басқарылатын, ортақ
пайдаланылатын немесе ашылатын қосымша жад
карталарын оқиды.
Картаны салу үшін:
Картаның белгісі бар жағын жоғары, ал қосқыштарын ұяға
қаратып ұстаңыз, да картаны ұясына енгізіп, нық
отырғанша үстінен басыңыз.
Картаны алып тастау үшін:
Картаны шыққанша басыңыз.
(4)
USB 2.0 порты Пернетақта, тінтуір, сыртқы диск, принтер, сканер немесе
USB хабі сияқты қосымша USB құрылғысы жалғанады.
(5) Оптикалық диск жетегі Компьютер үлгісіне байланысты, оптикалық дискті оқиды
немесе оптикалық дискті оқып, оған жазады.
ЕСКЕРТПЕ: Диск үйлесімділігі туралы ақпаратты Анықтама
және қолдау веб-беттерінен қараңыз (
Қосымша HP
ресурстары (2-бет) тарауын қараңыз). Компьютер үлгісін
таңдау үшін веб-тораптағы нұсқауларды орындаңыз.
Драйверлер мен Жүктеулер тармағын таңдаңыз, одан
кейін экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
(6) Оптикалық жинақтағыш дискіні шығару
түймешігі
Диск науасын шығарады.
(7) Қауіпсіздік кабелінің ұясы Қосымша қауіпсіздік кабелін компьютерге жалғайды.
ЕСКЕРТПЕ: Қауіпсіздік кабелі сақтандырғыш құрал ретінде
әрекет ету үшін жасалған, бірақ ол компьютерге күтімсіз
қараудан
немесе оны ұрланудан қорғай алмауы мүмкін.
Оң жағы 5