User Guide - Windows 7

Сол жағы
Бөлік Сипаттама
(1)
Қуат қосқышы Айнымалы ток адаптеріне қосылады.
(2) Aйнымалы ток адаптері/батарея шамы
Ақ: Айнымалы ток адаптері қосылған, батарея
толығымен зарядтаулы емес.
Ақ түсте жыпылықтау: Айнымалы ТОК адаптері
ажыратылды және батарея заряды төмен батарея
деңгейіне жетті.
Сары: Айнымалы ток адаптері қосылған, батарея
зарядталуда.
Өшірулі: Батарея зарядталмайды.
(3) Желдеткіш Ішкі бөліктерді салқындату үшін ауа ағынын
қосады.
ЕСКЕРТПЕ: Компьютер желдеткіші ішкі бөліктерді
салқындату үшін және қызып кетуден қорғау үшін
автоматты түрде қосылады. Жұмыс барысында
желдеткіштің біресе қосылып, біресе өшіп отыруы
қалыпты жағдай.
(4)
Сыртқы монитор порты (таңдаулы үлгілерде
ғана)
Сыртқы VGA мониторы немесе проекторды қосады.
(5)
RJ-45 (желі) ұясы/шамдары Желілік кабелді қосады.
Ақ: Желі қосылған.
Сары: Желіде әрекет орын алуда.
(6)
HDMI порты Ажыратымдылығы жоғары теледидар немесе кез келген
үйлесімді сандық не аудио құрамдас бөлікті немесе жоғары
жылдамдықты HDMI құрылғысы сияқты қосымша бейне
немесе дыбыс құрылғыларын қосады.
(7)
USB 3.0 порты Пернетақта, тінтуір, сыртқы диск, принтер, сканер немесе
USB хабі сияқты қосымша USB құрылғысы жалғанады.
(8)
USB 2.0 порты Пернетақта, тінтуір, сыртқы диск, принтер, сканер немесе
USB хабі сияқты қосымша USB құрылғысы жалғанады.
(9)
Аудио шығыс (құлақаспап)/Аудио кіріс
(микрофон) ұясы
Токқа қосылатын қосымша стерео үндеткіштер,
құлақаспаптар, тығын тәріздес құлақаспаптар, гарнитура
немесе теледидар дыбыс кабелі қосылады. Сонымен қатар,
қосымша гарнитура микрофонын қосады. Бұл ұя қосымша
тек микрофон құрылғыларын қолдамайды.
62-тарау Компьютермен танысу