User Guide - Windows 7
© Copyright 2015 Hewlett-Packard
Development Company, L.P.
AMD және AMD Catalyst – Advanced Micro
Devices, Inc. корпорациясының сауда
белгілері. Bluetooth өз меншік иесінің сауда
белгісі болып табылады және оны Hewlett-
Packard компаниясы лицензия бойынша
пайдаланады. Intel, Celeron және Pentium –
Intel корпорациясының АҚШ-тағы және
басқа елдердегі сауда белгілері. Microsoft
және Windows — Microsoft компаниялары
тобының АҚШ-тағы тіркелген сауда
белгілері.
Осы құжатта берілген ақпарат ескертусіз
өзгертіледі. HP өнімдері мен қызметтеріне
кепілдік тек осындай өнімдермен және
қызметтермен бірге келетін тікелей
кепілдік
мәлімдемелерінде беріледі. Осы құжаттағы
ешқандай мәліметтер қосымша кепілдік деп
түсінілмеуі тиіс. HP компаниясы осы
құжаттағы техникалық немесе редакторлық
қателерге, не болмаса қалып кеткен
мәліметтер үшін жауапты емес.
Бірінші басылым: сәуір, 2015 ж.
Құжат бөлігінің нөмірі 808731-DF1
Өнім ескертуі
Бұл нұсқаулықта көптеген модельдерге
ортақ мүмкіндіктері сипатталған. Кейбір
мүмкіндіктер компьютеріңізде болмауы
мүмкін.
Windows 7 бағдарламалық құралын орнату
және Windows 7 мүмкіндіктерін толығымен
пайдалану үшін
бұл компьютерде
жаңартылған немесе бөлек сатып алынған
аппараттық құрал қажет етілуі мүмкін.
Толық ақпаратты
http://windows.microsoft.com/en-us/
windows7/get-know-windows-7 бөлімінен
қараңыз.
Соңғы ашылған пайдаланушы нұсқаулығын
ашу үшін,
http://www.hp.com/support
мекенжайы бойынша сілтемені ашып,
еліңізді таңдаңыз. Драйверлер мен
Жүктеулер тармағын таңдаңыз, одан кейін
экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Бағдарламалық құрал шарттары
Осы дербес компьютерде алдын ала
орнатылған кез келген бағдарламалық
құрал өнімін орнату, көшіру, жүктеп алу
немесе басқа жолмен пайдалану арқылы,
HP Түпкі пайдаланушы лицензиялық
келісіміне (EULA) бағынуға келісесіз. Егер сіз
осы лицензиялық шарттармен келіспесеңіз,
қолданылмаған өнім қаражатын
қайтару
ережелеріне сәйкес төленген қаражатты
толық қайтарып алу үшін, пайдаланбаған
өнімді (аппараттық және бағдарламалық
құралды) 14 күн ішінде сатушыға
қайтаруыңызға болады.
Қосымша ақпарат үшін немесе
компьютердің толық құнын қайтаруға талап
қалдыру үшін, сатушымен
байланысуыңызды сұраймыз.