User Guide - Windows 7

Бөлік
(1) Сериялық нөмір
(2) Өнім нөмірі
(3) Кепілдік күшінің мерзімі
(4) Модель нөмірі (тек таңдаулы үлгілерде)
Microsoft аутентификация қуәлігі жапсырмасы (Windows 8 нұсқасынан бұрын шыққан таңдаулы
үлгілерде) – Windows өнім кілтін қамтиды. Өнім кілті амалдық жүйені жаңарту немесе
ақаулықтарын жою үшін қажет болуы мүмкін. Windows 8 немесе Windows 8.1 нұсқасы алдын ала
орнатылған HP платформаларында жапсырма жабыстырылмаған, бірақ оларға сандық өнім кілті
электрондық түрде орнатылған.
ЕСКЕРТПЕ: НР бекітілген қалпына келтіру әдістері арқылы Windows 8 немесе Windows 8.1
нұсқасын қайта орнату кезінде, бұл
сандық өнім кілті Microsoft амалдық жүйесі арқылы
автоматты түрде танылады және белсендіріледі.
Техникалық деректер жапсырмасы(лары) — компьютер туралы техникалық ақпаратты береді.
Сымсыз куәлік беру туралы жапсырма(лар) — қосымша сымсыз құрылғылар туралы ақпаратты
және осы құрылғылардың қолданылуы мақұлданған елдер немесе аймақтардың мақұлдау
таңбаларын қамтамасыз етеді.
Жапсырмалар 15