User Guide - Windows 7

Сымсыз құрылғылар зауытта қосылатындықтан, оларды бір уақытта қосу немесе өшіру үшін, сымсыз
байланыс түймешігін пайдалануға болады. Жеке сымсыз құрылғыларды HP Connection Manager
бағдарламалық құралы арқылы басқаруға болады.
HP Connection Manager пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде)
HP Connection Manager бағдарламасы сымсыз байланыс құрылғыларын басқарудың орталығын және
SMS (мәтінді) хабарлар жіберудің әрі қабылдаудың интерфейсін қамтамасыз етеді. HP Connection
Manager бағдарламасы төмендегі құрылғыларды басқаруға мүмкіндік береді:
Сымсыз жергілікті желі (WLAN)/Wi-Fi;
Bluetooth
HP Connection Manager құралы байланыс күйі, қуат күйі және SMS хабарлары жайында ақпарат және
хабарландыру береді. Күй ақпараты мен хабарландырулар тапсырмалар тақтасының оң жақ
шетіндегі хабарландыру аймағында беріледі.
HP Connection Manager
бағдарламалық құралын ашу үшін, Пуск (Бастау) > Все программы (Барлық
бағдарламалар) > Справка и поддержка HP (HP Анықтама және қолдау) > HP Connection Manager
тармағын таңдаңыз.
HP Connection Manager бағдарламалық құралын пайдалану туралы толық ақпаратты HP Connection
Manager бағдарламалық құралының анықтамасынан қараңыз.
Амалдық жүйе басқару элементтерін пайдалану
Желі және ортақ қолдану орталығы қосылымды немесе желіні орнатуға, желіге қосылуға, сымсыз
желілерді басқаруға және желі ақаулықтарын тексеруге және жөндеуге мүмкіндік береді.
Амалдық жүйенің басқару элементтерін пайдалану үшін, Пуск (Бастау) > Панель управления (Басқару
тақтасы) > Сеть и Интернет (Желі және Интернет) > Центр управления сетями и общим доступом
(Желі және ортақтасу
орталығы) тармағын таңдаңыз.
Қосымша ақпаратты алу үшін, Пуск (Бастау) > Справка и поддержка (Анықтама және қолдау)
тармақтарын таңдаңыз.
WLAN желісіне қосылу
WLAN желісіне қосылу үшін, төмендегі қадамдарды орындаңыз:
1. WLAN құрылғысының қосулы екендігіне көз жеткізіңіз. Егер қосылған болса, сымсыз байланыс
шамы ақ болады. Сымсыз байланыс шамы сөніп тұрса, сымсыз байланыс түймешігін басыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Кейбір үлгілерде барлық сымсыз құрылғылар өшірулі болғанда, сымсыз байланыс
шамы сары түспен жанып тұрады.
2. Тапсырмалар тақтасының оң жақ шетіндегі хабарландыру аймағындағы желі белгішесін
басыңыз.
3. Тізімнен WLAN желісін таңдаңыз.
4. Подключиться (Қосылу) түймешігін басыңыз.
Егер желі қауіпсіз қосылған WLAN желісі болса, сізден желінің қауіпсіздік кілтін енгізу сұралады.
Кодты енгізіп, қосылуды аяқтау үшін, OK түймешігін басыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Егер WLAN тізімі көрсетілсе, сымсыз жол жоспарлағышы ауқымының немесе кіру
нүктесінің сыртында болуыңыз
мүмкін.
Сымсыз желіге қосылу 17