User Guide - Windows 7

ЕСКЕРТПЕ: Жалғанатын желі көрсетілмесе, Открыть центр управления сетями и общим
доступом (Желілер мен ортақ пайдалануды басқару орталығын ашу) пәрменін таңдап,
Настройка нового подключения или сети (Жаңа қосылым немесе желіні орнату) түймешігін
басыңыз. Желіні қолмен іздеу және оған қосылу немесе жаңа желі байланысын орнатуға
мүмкіндік беретін опциялар тізімі ашылады.
Байланыс орнатылып болған соң, оның аты мен күйін тексеру үшін, тінтуір меңзерін тапсырмалар
тақтасының оң жақ шетіндегі хабарландыру аймағындағы желі белгішесіне қойыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Жұмыс ауқымы (сымсыз сигналдардың жету алыстығы) WLAN кіруіне, жол
жоспарлағышын өндірушіге және басқа электрондық құрылғылардан алынған кедергілерге немесе
қабырғалар және едендер сияқты құрылымды тосқауылдарға байланысты болады.
Bluetooth сымсыз құрылғыларын пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде)
Bluetooth құрылғысы әдетте мына электрондық құрылғыларды байланыстыратын физикалық кабель
қосылымдарын ауыстыратын қысқа ауқымды сымсыз байланыстарды қамтамасыз етеді.
Компьютерлер (жұмыс үстелі, ноутбук, қалта компьютері)
Телефондар (ұялы, сымсыз, смартфон)
Сурет түсіретін құрылғылар (принтер, камера)
Дыбыстық құрылғылар (гарнитура, үндеткіштер)
Тінтуір
Bluetooth құрылғысы Bluetooth құрылғыларының дербес желісін орнатуға мүмкіндік беретін тең
дәрежелі мүмкіндікті қамтамасыз етеді. Bluetooth құрылғыларының
параметрлерін реттеу және
оларды пайдалану туралы ақпаратты Bluetooth бағдарламалық құралының анықтамасынан қараңыз.
Сымды желіге қосылу
Жергілікті желіге (LAN) қосылу
Компьютерді тікелей үйдегі жол жоспарлағышқа (сымсыз жұмыс істеудің орнына) немесе офистегі
бұрыннан бар желіге қосу керек болса, LAN байланысын пайдаланыңыз.
Сымды желіге қосылу үшін, 8 істікшелі RJ-45 желі кабелі қажет.
Желі кабелін қосу үшін, төмендегі қадамдарды орындаңыз:
1. Желілік кабелді компьютердегі желі ұясына (1) жалғаңыз.
18 3-тарау Желіге қосылу