User Guide - Windows 7
Бөлік Сипаттама
(6)
Аудио шығыс (құлақаспап)/Аудио
кіріс (микрофон) ұясы
Токқа қосылатын қосымша стерео үндеткіштер,
құлақаспаптар, тығын тәріздес құлақаспаптар,
гарнитура немесе теледидар дыбыс кабелі
қосылады. Сонымен қатар, қосымша гарнитура
микрофонын қосады. Бұл ұя қосымша тек микрофон
құрылғыларын қолдамайды.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Жарақаттану қаупін азайту үшін,
құлақаспаптар, тығын тәріздес құлақаспап немесе
гарнитураны киер алдында, дыбыс деңгейін
реттеңіз. Қосымша қауіпсіздік
ақпаратын алу үшін,
Заңды, қауіпсіздік және қоршаған орта
ескертпелерін қараңыз. Осы нұсқаулыққа кіру үшін
Пуск (Бастау) > HP Support Assistant (HP қолдау
көмекшісі) > Келесі > Мой компьютер (Компьютерім)
> Пайдаланушы нұсқаулықтары тармағын
таңдаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Құрылғы ұяға қосылған кезде,
компьютер үндеткіштері ажыратылады.
ЕСКЕРТПЕ: Құрылғы кабелінің аудио шығыс
(гарнитура) және аудио кіріс (микрофон) ұяларының
екеуіне сәйкес келетін
4 сымды қосқышы бар екеніне
көз жеткізіңіз.
(7)
USB 2.0 порты Пернетақта, тінтуір, сыртқы диск, принтер, сканер
немесе USB хабі сияқты қосымша USB құрылғысы
жалғанады.
(8)
USB 3.0 порты Пернетақта, тінтуір, сыртқы диск, принтер, сканер
немесе USB хабі сияқты қосымша USB құрылғысы
жалғанады.
(9)
HDMI порты Ажыратымдылығы жоғары теледидар немесе кез
келген үйлесімді сандық не аудио құрамдас бөлікті
немесе жоғары жылдамдықты HDMI құрылғысы
сияқты қосымша бейне немесе дыбыс
құрылғыларын қосады.
(10)
RJ-45 (желі) ұясы Желілік кабелді қосады.
(11)
Сыртқы монитор порты (таңдаулы
үлгілерде ғана)
Сыртқы VGA мониторы немесе проекторды қосады.
Веб-камераны пайдалану
Компьютердің кірістірілген веб-камерасы бейнені жазады және фотосуретке түсіреді. Кейбір
модельдерде бейне ағыны мүмкіндігімен бейнеконференция мен желіде чат сеанстарын
ұйымдастыруға болады.
▲
Веб-камераны пайдалану үшін, Пуск (Бастау) > Все программы (Барлық бағдарламалар) >
Общение и чат (Байланысу және чат) > CyberLink YouCam тармағын таңдаңыз.
Веб-камераны қолдану туралы толық ақпарат алу үшін, Пуск
(Бастау)> Справка и поддержка
(Анықтама және қолдау) тармақтарын таңдаңыз.
Веб-камераны пайдалану 21