User Guide - Windows 7
Дыбысты пайдалану
Компьютеріңізде немесе сыртқы оптикалық дискіні пайдаланатын кейбір үлгілерде музыка ықшам
дискілерін ойнатуға, музыканы жүктеуге және тыңдауға, вебтегі аудио мазмұнды (соның ішінде
радионы) тыңдауға, дыбыс жазуға немесе мультимедиа файлын жасау үшін дыбыс пен бейнені
біріктіруге болады. Тыңдау әсерін жақсарту үшін, үндеткіштер немесе құлақаспаптар сияқты сыртқы
дыбыс құрылғыларын жалғаңыз.
Үндеткіштерді қосу
Сымды үндеткіштерді компьютердегі немесе қондыру тұғырындағы USB порттарына (немесе дыбыс
шығысы ұясына) жалғау арқылы қосуға болады.
Сымсыз үндеткіштерді компьютерге қосу үшін, құрылғы өндірушісінің нұсқауларын орындаңыз.
Компьютерге ажыратымдылығы жоғары үндеткіштерді қосу үшін,
HDMI арқылы дыбысты реттеу
үшін (24-бет) бөлімін қараңыз. Дыбыс құрылғыларын қосу үшін, дыбыс деңгейін реттеңіз.
Құлақаспаптарды және микрофондарды қосу
Сымды құлақаспаптарды және гарнитураларды компьютердегі аудио шығыс (құлақаспап) ұясына/
аудио кіріс (микрофон) ұясына қосуға болады. Ішкі микрофоны бар гарнитуралар сатылады.
Компьютерге желісіз құлақаспаптарды не гарнитураларды қосу үшін, құрылғы өндірушісінің
нұсқауларын орындаңыз.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Жарақаттану қаупін азайту үшін, құлақаспаптар, тығын тәріздес құлақаспаптар
немесе гарнитураны киер алдында, дыбыс қаттылығын төмендетіңіз. Қосымша қауіпсіздік ақпаратын
Заңдық,
қауіпсіздік және қоршаған орта ескертулерінен қараңыз. Осы нұсқаулыққа кіру үшін Пуск
(Бастау) > HP Support Assistant (HP қолдау көмекшісі) > Келесі > Мой компьютер (Компьютерім) >
Пайдаланушы нұсқаулықтары тармағын таңдаңыз.
Дыбыс параметрлерін пайдалану
Дыбыс параметрлері компьютердегі дыбыс деңгейін, бағдарламаларға, үндеткіштерге,
микрофондарға, құлақаспаптарға және басқа дыбыс мүмкіндіктеріне қолданылатын дыбыстарды
басқарады.
Дыбыс деңгейін қарау немесе өзгерту үшін:
1. Пуск (Бастау) > Панель управления (Басқару тақтасы) > Оборудование и звук (Аппараттық құрал
және дыбыс) тармағын таңдаңыз.
2. Звуки (Дыбыстар) астындағы Жүйенің дыбыс деңгейін реттеу пәрменін таңдап, экрандағы
нұсқауларды орындаңыз.
Дыбыс параметрлерін қарау немесе өзгерту үшін:
1. Пуск (Бастау) > Панель управления (Басқару тақтасы) > Оборудование и звук (Аппараттық құрал
және дыбыс) тармағын таңдаңыз.
2. Звук (Дыбыс) параметрін таңдап, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Компьютердегі дыбыс мүмкіндіктері туралы қосымша ақпарат алу үшін Справка и поддержка
(Анықтама және қолдау) бөлімін қараңыз.
▲
Пуск (Бастау) > Справка
и поддержка (Анықтама және қолдау) пәрмендерін таңдаңыз.
22 4-тарау Көңіл көтеру мүмкіндіктерін пайдалану