User Guide - Windows 7
Бейнені пайдалану
Бұл компьютер таңдаулы веб-тораптардағы таратылатын бейнені көруге және желіге қосылмай-ақ
компьютерден тамашалау үшін бейнелер мен фильмдерді жүктеп алуға мүмкіндік беретін қуатты
бейне құрылғысы болып табылады.
Көруге байланысты әрекеттеріңізді жақсарту мақсатында компьютерді сыртқы монитор, проектор
немесе теледидарға қосу үшін, бейне порттардың бірін пайдаланыңыз. Көптеген компьютерлерде
ажыратымдылығы жоғары мониторды немесе теледидарды қосуға мүмкіндік
беретін HDMI порты
болады.
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Сыртқы құрылғының дұрыс кабель арқылы компьютердегі дұрыс ұяға қауіпсіз
түрде жалғанғандығына көз жеткізіңіз. Сұрақтарыңыз болса, құрылғы өндірушісінің нұсқауларын
қараңыз.
Бейне құрылғыларын VGA кабелі арқылы қосу (таңдаулы үлгілерде ғана)
Презентация жасау мақсатында компьютер экранындағы кескінді сыртқы VGA мониторында немесе
проекторында көрсету үшін, мониторды не проекторды компьютердің VGA портына жалғаңыз.
Мониторды немесе проекторды жалғау:
1. Монитордың не проектордың VGA кабелін компьютердегі VGA портына суретте көрсетілгендей
жалғаңыз.
2. Экрандағы суретті 4 түрлі көрсету күйіне ауыстырып қосу үшін, f4 пернесін басыңыз:
●
Тек компьютер: Экрандағы кескінді тек компьютерден көру.
●
Қос: Экрандағы кескінді бір уақытта компьютер мен сыртқы құрылғының екеуінен де көру.
●
Кеңейтілген: Экрандағы кескінді компьютер мен сыртқы құрылғының екеуінен көру.
●
Тек сыртқы құрылғы: Экрандағы кескінді сыртқы құрылғыдан
көру.
f4 пернесі басылған сайын, көрсету күйі өзгереді.
ЕСКЕРТПЕ: Сыртқы құрылғының экран ажыратымдылығын реттеңіз, әсіресе, «Кеңейту»
параметрін таңдасаңыз. Жақсы нәтижелерге қол жеткізу үшін, Пуск (Бастау) > Панель
управления (Басқару тақтасы) > Оформление и персонализация (Көрініс және жекелендіру) >
Настройка разрешения экрана (Экран ажыратымдылығын реттеу) тармағына өтіңіз.
Бейнені пайдалану 23