User Guide - Windows 7

Видео құрылғыларын HDMI кабелін пайдалану арқылы қосу
Компьютер экранындағы кескінді ажыратымдылығы жоғары теледидардан не компьютерден көру
үшін, ажыратымдылығы жоғары құрылғыны келесі нұсқауларға сәйкес жалғаңыз.
HDMI құрылғысын компьютерге жалғау үшін бөлек сатылатын HDMI кабелі қажет болады.
Компьютерге ажыратымдылығы жоғары теледидарды не мониторды жалғау:
1. HDMI кабелінің бір ұшын компьютердегі HDMI портына жалғаңыз.
2. Кабельдің екінші ұшын ажыратымдылығы жоғары теледидарға не мониторға жалғаңыз.
3. Компьютер экранындағы кескінді 4 түрлі көрсету күйіне ауыстырып қосу үшін, f4 пернесін
басыңыз:
Тек компьютер: Экрандағы кескінді тек компьютерден көру.
Қос: Экрандағы кескінді бір уақытта компьютер мен сыртқы құрылғының екеуінен де көру.
Кеңейтілген: Экрандағы кескінді компьютер мен сыртқы құрылғының
екеуінен көру.
Тек сыртқы құрылғы: Экрандағы кескінді сыртқы құрылғыдан көру.
f4 пернесі басылған сайын, көрсету күйі өзгереді.
ЕСКЕРТПЕ: Сыртқы құрылғының экран ажыратымдылығын реттеңіз, әсіресе, «Кеңейту»
параметрін таңдасаңыз. Жақсы нәтижелерге қол жеткізу үшін, Пуск (Бастау) > Панель
управления (Басқару тақтасы) > Оформление и персонализация (Көрініс және жекелендіру) >
Настройка разрешения экрана (Экран
ажыратымдылығын реттеу) тармағына өтіңіз.
HDMI арқылы дыбысты реттеу үшін
HDMI ажыратымдылығы жоғары бейне және дыбыс параметрлеріне қолдау көрсететін жалғыз бейне
интерфейсі болып табылады. HDMI теледидарын компьютерге жалғанғаннан кейін, келесі
қадамдарды орындау арқылы HDMI дыбысын қосуға болады:
24 4-тарау Көңіл көтеру мүмкіндіктерін пайдалану