User Guide - Windows 7

Екі саусақпен жылжу
Екі саусақпен жылжу қимылын бетте немесе суретте жоғары, төмен қарай немесе жақтарға жылжу
үшін пайдаланыңыз.
Екі саусақты сенсорлы тақта аймағына арасын алшақ қойып, одан кейін оларды жоғары, төмен,
сол немесе оң жаққа қарай жылжытыңыз.
Екі саусақпен түрту
Экрандағы нысан мәзірін ашу үшін екі саусақпен түртуді пайдаланыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Екі саусақ көмегімен түрту қимылы тінтуірдің оң жақ түймешігі сияқты жұмыс істейді.
Сенсорлы тақта аймағына екі саусақ көмегімен түртіп, таңдалған нысанның опциялар мәзірін
ашыңыз.
Пернетақтаны және тінтуірді пайдалану
Пернетақта және тінтуір теруге, элементтерді таңдауға, айналдыруға және сенсорлы экрандағы
қимылдар сияқты бірдей функцияларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, пернетақта
арнайы функцияларды орындау мақсатымен әрекет пернелері мен жылдам пернелерді пайдалануға
мүмкіндік береді.
Пернетақтаны және тінтуірді пайдалану 27