User Guide - Windows 7

ЕСКЕРТПЕ: Еліңізге/аймағыңызға байланысты, пернетақтаның пернелері мен пернетақта
функциялары осы бөлімде сипатталғаннан өзгешелеу болуы мүмкін.
Пернелерді пайдалану
Ақпаратқа жылдам кіру немесе мүмкіндіктерді арнаулы пернелер мен пернелер тіркесімдерін басу
арқылы пайдалануға болады.
Әрекет пернелерін пайдалану
Перненің тағайындалған функциясын іске қосу үшін пернені басыңыз. Функциялық пернелеріндегі
белгішелер сол пернеге тағайындалған функцияны білдіреді.
Әрекет пернесінің функциясын пайдалану үшін, пернені басып ұстап тұрыңыз.
ЕСКЕРТУ: Setup Utility (BIOS) ішіне өзгеріс енгізгенде сақ болыңыз. Қателер компьютердің жұмысына
кедергі келтіруі мүмкін.
Әрекет пернесі функциясы зауытта қосылады. Бұл мүмкіндікті Setup Utility (BIOS) құралында
ажыратуға болады. Setup Utility (BIOS) тармағын ашуға қатысты нұсқаулар алу үшін,
Setup Utility (BIOS)
және HP PC Hardware Diagnostics (UEFI) пайдалану (48-бет) бөлімін көріп, экранның төменгі
жағындағы нұсқауларды орындаңыз.
Әрекет пернесі мүмкіндігін ажыратқаннан кейін әр функцияны іске қосу үшін, тиісті әрекет пернесімен
бірге fn пернесін басыңыз.
Белгіше Перне Сипаттама
f1 Windows амалдық жүйесі мен компьютер, сұрақтарға жауаптар, оқулықтар мен
компьютер үшін жаңартулар туралы ақпаратты қамтитын анықтама және қолдау
орталығын ашады.
Сонымен қатар, анықтама және қолдау орталығы ақаулықтарды автоматты түрде
жою құралдарын және қолдау көрсету орталығымен хабарласу үшін сілтемелер
ұсынады.
f2 Бұл пернені басып тұрғанда экран жарықтығы қадам бойынша төмендетіледі.
f3 Бұл пернені басып тұрғанда, экран жарықтығы қадам бойынша жоғарылатылады.
f4 Жүйеге қосылған дисплейлердің арасында экран суретін ауыстырып көрсетеді.
Мысалы, егер монитор компьютерге қосылған болса, осы перне басылғаннан кейін
экран кескіні компьютер дисплейінен монитор дисплейіне ауыстырылып, компьютер
мен монитордың екеуінде көрсетіледі.
f6 Үндеткіш дыбысын өшіреді немесе қайта қосады.
f7 Бұл пернені басып ұстап тұрғанда үндеткіштің дыбыс деңгейін қадам бойынша
төмендетеді.
f8 Бұл пернені басып ұстап тұрғанда үндеткіштің дыбыс деңгейін қадам бойынша
жоғарылатады.
f9 Аудио ықшам дискідегі алдыңғы жолды немесе DVD немесе BD дискісіндегі алдыңғы
бөлімді ойнатады.
28 5-тарау Экранда шарлау