User Guide - Windows 7

Белгіше Перне Сипаттама
f10 Ықшам дискіні, DVD немесе BD дискісін ойнатады, уақытша тоқтатады немесе
ойнатуды жалғастырады.
f11 Аудио ықшам дискідегі келесі жолды, ал DVD немесе BD дискілерінде келесі бөлімді
ойнатады.
f12 Ұшу режимін және сымсыз байланыс мүмкіндігін қосады немесе өшіреді.
ЕСКЕРТПЕ: Сымсыз байланысты орнату үшін сымсыз желі де орнатылуы қажет.
Пернелер тіркесімдерін пайдалану
Жылдам пернеfn пернесі мен esc пернесінің немесе spacebar пернесінің тіркесімі.
Пернелер тіркесімін пайдалану үшін:
fn пернесін басып қалып, пернелер тіркесімінің екінші пернесін басып қалыңыз.
«ALT GR» пернелер тіркесімін пайдалану
Кейбір елдерде/аймақтарда арнайы пернелер тіркесімі үшін қолданылатын «ALT GR» пернесі бар
болуы мүмкін. Осындай пернесі бар пернетақта арқылы рупия белгішесін теру үшін, alt gr+4 пернелер
тіркесімін басыңыз. Индиядағы ел/аймақ қолдауы бар пернетақталарда рупия белгішесін теру үшін,
ctrl+shift+4 пернелерін басуға болады.
«ALT GR» пернелер тіркесімі туралы білу үшін, Microsoft Office веб-торабына
(
http://www.office.microsoft.com) өтіңіз де, «ALT GR» дегенді іздеңіз.
Кірістірілген сандық пернетақтаны пайдалану
Компьютерде кірістірілген сандық пернетақта болады, сондай-ақ компьютермен қосымша сыртқы сан
пернетақтасын немесе сан пернетақтасы бар қосымша сыртқы пернетақтаны да қолдануға болады.
Кірістірілген сандық пернетақта туралы ақпаратты
Пернелер (13-бет) бөлімінен қараңыз.
Бөлік Сипаттама
num lock пернесі Кірістірілген сан пернетақтасының жұмысын басқарады. Сыртқы
пернетақтаның стандартты сан функциясы (бұл мүмкіндік
зауытта қосылған) мен жылжу функциясын (пернелердегі
бағыттау көрсеткілерімен белгіленген) ауыстырып қосу үшін осы
пернені басыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Компьютер өшірілгенде белсенді болып тұрған
пернетақта функциясы компьютер қайта қосылғанда қалпына
келеді.
Кірістірілген сандық пернетақта Зауытта сыртқы сандық пернетақта ретінде қызмет ету үшін
орнатылған. Сан функциясы
мен жылжу функциясын
(пернелердегі бағыттау көрсеткілерімен белгіленген) ауыстыру
үшін, num lock пернесін басыңыз.
Пернетақтаны және тінтуірді пайдалану 29