User Guide - Windows 7
Ұйқы күйін қолмен бастау және шығу
Келесі жолдардың кез келгені арқылы ұйқы күйін бастауға болады:
●
Дисплейді жабыңыз.
●
Пуск (Бастау) түймешігін басып, «Завершение работы» (Жұмысты аяқтау) түймешігінің
жанындағы көрсеткіні басыңыз да, Сон (Ұйқы) белгішесін басыңыз.
Ұйқылық күйден шығу үшін
●
Қуат түймешігін тез басып қалыңыз.
●
Егер экран сөніп тұрса, оны қосыңыз.
●
Пернетақтадағы пернені басыңыз.
●
Сенсорлы тақтаны түртіңіз
немесе саусақпен үстінен жүргізіп өтіңіз.
Компьютер ұйқы режимінен шыққанда электр қуатының шамдары жанып, экран көрсетіледі.
ЕСКЕРТПЕ: Егер оянған кезде, құпия сөз сұралатындай орнатылған болса, жұмысты компьютерде
жалғастыру үшін, Windows құпия сөзін енгізу қажет болады.
Күту күйін қолмен бастау және шығу (тек таңдаулы үлгілерде)
Пайдаланушы арқылы қосылатын күту күйін қосу және басқа қуат параметрлері мен күту үзілістерін
өзгерту үшін «Қуат параметрлері» пәрменін пайдаланыңыз.
1. Пуск (Бастау) түймешігін басып, «Shut down» (Жұмысты аяқтау) түймешігінің жанындағы
көрсеткіні басыңыз да, Гибернация (Күту) пәрменін таңдаңыз.
2. Сол жақ тақтадан Укажите действие кнопки питания (Қуат түймешігінің әрекетін таңдаңыз)
сілтемесін нұқыңыз.
3. Изменение параметров, недоступных
в данный момент (Қазіргі уақытта қол жетімді емес
параметрлерді өзгерту) параметрін таңдаңыз.
4. При нажатии кнопки питания (Қуат түймешігін басқан кезде) аймағында Гибернация (Күту) күйін
таңдаңыз.
5. Сохранить изменения (Өзгертулерді сақтау) параметрін таңдаңыз.
Компьютер күту режимінен шыққанда электр қуатының шамдары жанып, экран көрсетіледі.
ЕСКЕРТПЕ: Егер оянған кезде, құпия сөз сұралатындай орнатылған болса, жұмысты
жалғастыру
үшін, Windows құпия сөзін енгізу қажет болады.
Оянған кезде сұралатын құпия сөзбен қорғау
Компьютер ұйқылық немесе күту күйінен шыққанда, компьютерде құпия сөз сұралуын орнату үшін,
осы қадамдарды орындаңыз:
1. Пуск (Бастау) > Панель управления (Басқару тақтасы) > Система и безопасность (Жүйе және
қауіпсіздік) > Электропитание (Қуат параметрлері) тармақтарын таңдаңыз.
2. Сол жақ тақтадан Запрашивать пароль при пробуждении (Оянғанда құпия сөз сұрау) тармағын
таңдаңыз.
3. Изменение параметров,
недоступных в данный момент (Қазіргі уақытта қол жетімді емес
параметрлерді өзгерту) параметрін таңдаңыз.
Ұйқы немесе күту күйін қосу 31