User Guide - Windows 7

Батареяның қуатымен жұмыс істеу
Компьютерге зарядталған батарея салынғанда және компьютер сыртқы қуат көзіне қосылмаған кезде,
компьютер батарея қуатымен жұмыс істеп, қуатты үнемдеу мақсатында дисплей жарықтығы
төмендетіледі. Компьютер өшірілгенде және сыртқы қуаттан ажыратылғанда компьютердегі батарея
жайлап таусылады.
Қуатты басқару параметрлеріне, компьютерде ашылған бағдарламаларға, экранның жарықтығына,
компьютерге жалғанған сыртқы құрылғыларға және басқа да себептерге байланысты компьютер
батареясының жұмыс
мерзімі әртүрлі болады.
Пайдаланушы арқылы ауыстырылатын батарея
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Ықтимал қауіпсіздік мәселелерін азайту үшін, компьютермен бірге берілген
пайдаланушы ауыстыратын батареяны, HP компаниясы ұсынатын ауыстыру батареясын немесе HP
компаниясынан сатып алынған үйлесімді батареяны пайдаланыңыз.
ЕСКЕРТУ: Компьютердің жалғыз қуат көзі болып табылатын батареяны шығарып алу ақпараттың
жоғалуын тудыруы мүмкін. Сондықтан, батареяны шығарып алмай тұрып, жұмысыңызды сақтап, күту
күйін қосыңыз немесе компьютерді Windows жүйесі арқылы өшіріңіз.
Батареяны шығарып алу үшін
1. Компьютерді төңкеріп, батарея ұясы өзіңізге қараған күйде тегіс бетке қойыңыз.
2. Батареяны шығару үшін, батареяны құлыптау ысырмасын (1) жылжытыңыз, одан кейін
батареяны босату үшін батареяны шығару ысырмасын (2) сырғытыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Компьютердің көрінісі осы бөлімдегі суреттегіден сәл өзгешелеу болуы мүмкін.
ЕСКЕРТПЕ: Батареяны бекіту сырғытпасы автоматты түрде бастапқы орнына түседі.
3. Батареяны компьютерден (3) шығарып алыңыз.
Батарея ақпаратын табу
Батареяның күйін бақылау үшін немесе батареяда заряд тұрақтамаса, HP Support Assistant (НР қолдау
көмекшісі) ішіндегі Батареяны тексеру бағдарламасын іске қосыңыз.. Батарея туралы ақпаратқа кіру
Батареяның қуатымен жұмыс істеу 33