User Guide - Windows 7
Ешқандай қуат көзі болмағанда төмен батарея деңгейін шешу
Жұмысыңызды сақтап, компьютерді өшіріңіз.
Компьютер күту күйінен шыға алмайтын кезде төмен батарея деңгейін шешу
Күту күйінен шығу үшін компьютерде қажетті қуат жетпеген кезде, келесі қадамдарды орындаңыз:
1. Пайдаланушымен ауыстырылатын заряды таусылған батареяны зарядталған батареямен
ауыстырыңыз немесе айнымалы ток адаптерін компьютерге және сыртқы қуат көзіне қосыңыз.
2. Қуат түймешігін басып күту күйінен шығыңыз.
Пайдаланушы ауыстыратын батареяны сақтау
ЕСКЕРТУ: Батареяны зақымдамау үшін оны ұзақ уақыт бойы жоғары температурада сақтамаңыз.
Компьютер екі аптадан артық пайдаланылмайтын және сыртқы қуат көзіне жалғанбайтын болса,
қызмет мерзімін арттыру үшін батареяны шығарып алып, салқын және құрғақ жерде бөлек сақтаңыз.
Сақталған батареяны әрбір 6 ай сайын тексеру қажет. Егер сыйымдылығы 50 пайыздан төмен болса,
қайта сақтаудан бұрын батареяны қайта зарядтаңыз.
Пайдаланушы ауыстыратын батареяны тастау
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Өрт шығу немесе күйік алу қаупін азайту үшін бөлшектемеңіз, бұзбаңыз немесе
теспеңіз; сыртқы түйіспелерді қысқа тұйықтамаңыз; отқа немесе суға тастамаңыз.
Батареяны дұрыс тастау туралы ақпаратты Заңдық, қауіпсіздік және қоршаған орта ескертулері
бөлімінен қараңыз. Осы нұсқаулыққа кіру үшін Пуск (Бастау) > HP Support Assistant (HP қолдау
көмекшісі) > Келесі > Мой компьютер (Компьютерім) > Пайдаланушы нұсқаулықтары тармағын
таңдаңыз.
Пайдаланушы ауыстыратын батареяны ауыстыру
Ішкі батарея элементі дұрыс зарядталмаған кезде немесе батарея сыйымдылығы «әлсіз» жағдайға
жеткенде, HP Support Assistant орталығындағы батареяны тексеру құралы батареяны ауыстыру
қажеттігін ескертеді. Батарея HP компаниясының кепілдігімен қамтамасыз етілген жағдайда,
нұсқаулардың ішінде кепілдік нөмірі болады. Ауыстыру батареясына тапсырыс беру туралы қосымша
ақпарат беретін HP компаниясының веб-торабына сілтейтін хабарлама пайда болады.
Айнымалы қуат көзіне қосып жұмыс істеу
Айнымалы ток көзіне қосу туралы ақпаратты компьютер қорабының ішіндегі Орнату нұсқаулары
постерінен қараңыз.
Мақұлданған айнымалы ток адаптері немесе қосымша қондыру/кеңейту құрылғысы арқылы
сырттағы айнымалы қуат көзіне жалғанған компьютер батарея қуатымен жұмыс істемейді.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Мүмкін сақтық шараларына қатысты мәселелерді болдырмау үшін, компьютермен
қамтамасыз етілетін айнымалы ток адаптерін, HP қамтамасыз ететін ауыстырғыш айнымалы
ток
адаптерін немесе HP компаниясынан сатып алынған айнымалы ток адаптерін ғана пайдаланыңыз.
Төмендегі жағдайлардың кез келгенінде компьютерді сыртқы айнымалы ток қуатына қосыңыз:
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Ұшақ бортында болғанда компьютер батареясын зарядтамаңыз.
Айнымалы қуат көзіне қосып жұмыс істеу 35