User Guide - Windows 7

шыққаннан соң жұмысыңызға бірден кірісуге болады. Жаңарту файлдары жүктелгенше күтіп отыру
қажет емес.
Бұл мүмкіндікті қосу немесе параметрлерді қолмен реттеу үшін, Пуск (Бастау) > Все программы
(Барлық бағдарламалар) > Intel > Технология Intel Smart Connect (Intel Smart Connect
технологиясы) тармақтарын таңдаңыз.
Қосымша ақпарат алу және қолдау көрсетілетін бағдарламалардың тізімін көру үшін, бағдарламалық
құралдың анықтамасын қараңыз.
Компьютердің жұмысын аяқтау
ЕСКЕРТУ: Компьютер өшірілген кезде сақталмаған мәліметтер жойылады.
Өшіру пәрмені барлық ашық бағдарламаларды жабады, сондай-ақ амалдық жүйені және дисплей мен
компьютерді де өшіреді.
Төмендегі жағдайлардың кез келгенінде компьютерді өшіріңіз:
Батареяны ауыстыру немесе компьютер ішіндегі бөліктерді қолдану қажет болғанда
USB немесе бейне портына жалғанбайтын сыртқы жабдықты жалғағанда:
Компьютер ұзақ уақыт бойы пайдаланылмаған немесе сыртқы қуат көзінен ажыратылған кезде.
Компьютерді
қуат түймешігі арқылы да өшіруге болатынымен, ұсынылатын үрдіс Windows өшіру
пәрменін қолдану болып табылады:
ЕСКЕРТПЕ: Компьютер ұйқы немесе күту күйінде болғанда, жұмысты аяқтамас бұрын, ұйқы немесе
күту күйінен шығу қажет.
1. Жұмысыңызды сақтап, барлық ашық бағдарламаларды жабыңыз.
2. Пуск (Бастау) > Завершение работы (Жұмысты аяқтау) тармағын таңдаңыз.
Компьютер жауап бермесе және жұмысты аяқтаудың алдыңғы процедураларын пайдалану мүмкін
болмаса, келесі төтенше жағдай процедураларын көрсетілген кезекпен орындап көріңіз:
ctrl+alt+delete пернелер тіркесімін басып, содан кейін экранға шыққан Shut down (Жұмысты
аяқтау) белгішесін басыңыз.
Қуат
түймешігін кемінде 5 секунд басып тұрыңыз.
Компьютерді сыртқы қуат көзінен ажыратыңыз.
Пайдаланушы ауыстыратын батареясы бар үлгілердегі компьютерден батареяны шығарыңыз.
Компьютердің жұмысын аяқтау 37