User Guide - Windows 7
ЕСКЕРТУ: Ішкі бөліктерді зақымдамау үшін, сұйықтықтардың пернелер арасына тамшылап түсуіне
жол бермеңіз.
●
Сенсорлы тақта, пернетақта немесе тінтуірді тазалау үшін, бұрын аталған тазалау
сұйықтықтарының біреуіне суланған жұмсақ микроталшық матаны, күдеріні немесе бір рет
пайдаланылатын бір рет қолданылатын майлықты пайдаланыңыз.
●
Пернелердің жабысып қалуын болдырмай, пернетақтадан шаңды, талшықтарды және
қоқымдарды кетіру үшін түтігі бар қаңылтыр бөтелкедегі қысылған ауаны пайдаланыңыз.
Компьютерді сапарға алып шығу немесе тасымалдау
Компьютерді сапарға алып шығу немесе тасымалдау керек болса, құрылғыны қорғаудың кейбір
кеңестерін осы жерден табасыз.
●
Компьютерді саяхаттауға немесе тасымалдауға дайындау:
◦
Ақпараттың сақтық көшірмесін сыртқы дискіге жазыңыз.
◦
Компьютерден сандық сақтау карталары сияқты барлық дискілер мен сыртқы медиа
карталарын шығарып алыңыз.
◦
Барлық сыртқы құрылғыларды өшіріп, ажыратыңыз.
◦
Қатты дискіні қатты диск ұясынан
шығармас бұрын, дискіден кез келген драйверді алып
тастаңыз.
ЕСКЕРТУ: Бұл әрекетті дискіні тасымалдау, сақтау немесе онымен сапарға шығу алдында,
осы әрекетті орындаңыз. Бұл компьютердiң немесе дискінің бұзылу, дискіге зақым келу
немесе мəлiмет жоғалу қаупін төмендетеді.
◦
Компьютерді сөндіріңіз.
●
Ақпараттың сақтық көшірмесін бірге алып жүріңіз. Барлық сақтық көшірмелерді компьютерден
бөлек ұстаңыз.
●
Ұшақпен саяхаттау кезінде компьютерді қол жүгі ретінде алып жүріңіз; оны жүк бөлімінде
тасымалдауға болмайды.
ЕСКЕРТУ: Дискінің магниттік өрістердің әсеріне ұшырамауын қадағалаңыз. Магниттік өрісі бар
қауіпсіздік құрылғылары әуежайдағы тексеруден өту құрылғылар мен қауіпсіздік бағандарында
болады. Жолаушылар жүктерін тексеруге
арналған әуежайлардағы конвейерлік жолдар және
соған ұқсас қауіпсіздік құрылғылары магниттік өрістің орнына рентген сәулелерін қолданады да,
дискілерге зиян келтірмейді.
●
Ұшу кезінде компьютерді қолдануды жоспарласаңыз, компьютерді пайдаланатын уақытты ұшу
алдындағы хабарландыру кезінде тыңдаңыз. Әуе сапары кезінде компьютер қолдануға рұқсат
беру әуе компаниясының құзырында.
●
Егер компьютер қолданылмайтын болса және сыртқы қуатқа 2 аптадан артық жалғанбайтын
болса, батареяны шығарып алып, оны бөлек сақтаңыз.
●
Егер компьютерді немесе дискіні тасымалдайтын болсаңыз, тиісті қорғаныш орамы мен «FRAGILE»
(
Тез сынғыш) деген ескертпесі бар жапсырманы қолданыңыз.
●
Компьютерде сымсыз байланыс құрылғысы орнатылса, бұл құрылғыларды пайдалануға кейбір
орталарда тыйым салынуы мүмкін. Ұшақтарда, ауруханаларда, жарылғыш заттардың жанында
Компьютерді сапарға алып шығу немесе тасымалдау 41