User Guide - Windows 7
●
Хостқа негізделген желіаралық қалқан — тек орнатылған компьютерді қорғайтын
бағдарламалық құрал.
●
Желіге негізделген желіаралық қалқандар — DSL немесе кабельдік модемнің және үй желісінің
арасына орнатылып, желідегі барлық компьютерлерді қорғайды.
Желіаралық қалқан орнатылғаннан соң жүйеге және жүйеден жіберілген барлық деректер тексеріліп
пайдаланушы анықтаған қауіпсіздік белгілері бойынша салыстырылады. Осы белгілерге сәйкес
келмейтін кез келген деректер құрсауланады.
Бағдарламалық құрал жаңартуларын орнату
Қауіпсіздік мәселелерін шешу және бағдарламалық құрал жұмысын жақсарту үшін, компьютерге
орнатылған HP компаниясының, Windows амалдық жүйесінің және үшінші тарап бағдарламалық
құралдарын үнемі жаңартып жүріңіз. Қосымша ақпаратты
Бағдарламалар мен драйверлерді
жаңарту (39-бет) бөлімінен қараңыз.
Қорғаныс жүйесінің маңызды жаңартуларын орнату
ЕСКЕРТУ: Microsoft маңызды жаңартулардың бар екені туралы ескертеді. Компьютерді қауіпсіздік
бұзудан және компьютер вирустарынан қорғау үшін, ескертулерді алғаннан кейін мүмкіндігінше тез
Microsoft компаниясынан барлық маңызды жаңартуларды орнатыңыз.
Жаңартуладың автоматты орнатылуын таңдау мүмкіндігіңіз бар. Параметрлерді өзгерту үшін Start
(Бастау) > Control Panel (Басқару панелі) > System and Security (Жүйе және қауіпсіздік) > Windows
Update (Windows жаңарту) >Change settings (Параметрлерді өзгерту) тармағын таңдап, экрандағы
нұсқауларды орындаңыз.
HP компаниясының және үшінші тарап бағдарламалық құралдарының
жаңартуларын орнату
HP компаниясы компьютерге бастапқыда орнатылған бағдарламалық құралдар мен драйверлерді
үнемі жаңартуға кеңес береді. Ең соңғы нұсқаларды жүктеп алу үшін,
http://www.hp.com/support
торабына өтіңіз. Жаңартулардың бар екені туралы ескертулерді автоматты түрде алу үшін тіркелу
қажет.
Компьютер сатып алынғаннан соң үшінші тарап бағдарламалық құралы орнатылған болса,
бағдарламалық құралды үнемі жасап жүріңіз. Бағдарламалық құрал компаниялары қауіпсіздік
мәселелерін шешу және бағдарламалық құрал жұмысын жақсарту үшін өнімдерге жаңартуларды
ұсынады.
Сымсыз желіні қорғау
Желіні рұқсатсыз кіруден қорғау үшін, WLAN жүйесін орнатқан немесе бар болған WLAN жүйесіне кірген
кезде, әрқашан қауіпсіздік мүмкіндіктерін қосыңыз. Қоғамдық аймақтар немесе кофеханалар және
әуежайлар сияқты адам көп аймақтар ешқандай қауіпсіздікті қамтамасыз етпейді.
Бағдарламалық құрал қолданбаларының және
мәліметтеріңіздің сақтық көшірмелерін жасау
Бағдарламалық құрал қолданбаларын және мәліметтеріңізді вирус шабуылы салдарынан немесе
бағдарламалық не аппараттық құралдың ақаулығынан жоғалу немесе зақымдау қатерінен қорғау
үшін олардың сақтық көшірмелерін үнемі жасап жүріңіз. Қосымша ақпаратты
Сақтық көшірме жасау,
алдыңғы күйіне қайтару және қалпына келтіру (51-бет) бөлімінен қараңыз.
46 8-тарау Компьютер мен ақпаратты қорғау