User Guide - Windows 7

HP PC Hardware Diagnostics (UEFI) пайдалану
HP PC Hardware Diagnostics – бірыңғай кеңейтілетін ішкі бағдарламалық құрал интерфейсі (UEFI). Бұл
құрал компьютердің аппараттық құралдарының дұрыс жұмыс істейтінін анықтау үшін
диагностикалық сынақтарды жүргізуге мүмкіндік береді. Құрал амалдық жүйенің сыртында жұмыс
істейді және амалдық жүйенің өзі немесе басқа бағдарламалық құралдар бөліктері туындауы мүмкін
аппараттық құралдың ақаулықтарын бөлектейді.
HP PC Hardware Diagnostics UEFI пайдалану үшін
1. Компьютерді қосып немесе қайта қосып, esc пернесін жылдам
басыңыз да, f2 пернесін басыңыз.
BIOS бағдарламасы диагностикалық құралдарды үш орыннан төмендегі тәртіпте іздейді:
а. Қосылған USB диск жетегі
ЕСКЕРТПЕ: HP PC Hardware Diagnostics (UEFI) құралын USB диск жетегіне жүктеу туралы
ақпаратты
HP PC Hardware Diagnostics (UEFI) құралын USB құрылғысына жүктеу (50-бет)
бөлімінен қараңыз.
ә. Қатты диск
б. BIOS
2. Диагностикалау құралы ашылғанда, пернетақтадағы көрсеткі пернелердің көмегімен
орындалатын диагностикалық сынақтың түрін таңдаңыз және экрандағы нұсқауларды
орындаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Егер диагностикалық сынақты тоқтату қажет болса, esc пернесін басыңыз.
HP PC Hardware Diagnostics (UEFI) құралын USB құрылғысына жүктеу
ЕСКЕРТПЕ: HP PC Hardware Diagnostics (UEFI) бағдарламасын жүктеу жөнінде нұсқаулар ағылшын
тілінде ғана беріледі.
HP PC Hardware Diagnostics бағдарламасын USB құрылғысына жүктеудің екі опциясы бар:
1-опция: HP PC Diagnostics басты бетісоңғы UEFI нұсқасына қатынас береді
1.
http://www.hp.com/go/techcenter/pcdiags веб-торабына өтіңіз.
2. HP PC Hardware Diagnostics астындағы Жүктеу сілтемесін басыңыз және \Іске қосу опциясын
таңдаңыз.
2-опция: Қолдау және драйверлер бетіалдыңғы және кейінгі нұсқалар үшін белгілі бір өнім
жүктеулерін береді
1.
http://www.hp.com веб-торабына өтіңіз.
2. Меңзерді беттің жоғарғы жағында орналасқан Support (Қолдау) пәрменінің үстіне орналасып,
Download Drivers (Драйверлерді жүктеу) параметрін таңдаңыз.
3. Өнім атауын мәтін өрісіне енгізіп, Go (Өту) түймешігін басыңыз.
немесе
Өнімді автоматты түрде анықтау үшін, Find Now (Қазір табу) пәрменін таңдаңыз.
4. Компьютер үлгісін және амалдық жүйе түрін таңдаңыз.
5. Diagnostic (Диагностика)
бөлімінде қажетті UEFI нұсқасын таңдау және жүктеп алу үшін
экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
50 9-тарау Setup Utility (BIOS) және HP PC Hardware Diagnostics (UEFI) пайдалану