User Guide - Windows 7
3. Картаны (1) басып, оны ұясынан (2) шығарып алыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Карта шықпаса, оны ұясынан тартып шығарыңыз. 
USB құрылғысын пайдалану
Әмбебап тізбекті шина (USB) дегеніміз USB пернетақтасы, тінтуір, диск, басып шығарғыш, сканер 
немесе хаб сияқты қосымша сыртқы құрылғыны қосуға арналған аппараттық құрал интерфейсі.
Кейбір USB құрылғылары әдетте құрылғымен қоса берілетін қосымша қолдау бағдарламалық 
құралын қажет етуі мүмкін. Құрылғыға арналған бағдарламалық құрал жөнінде қосымша ақпаратты 
өндірушінің нұсқауларынан қараңыз. Бағдарламалық құралмен қамтамасыз етілген бұл нұсқаулар 
дискіде немесе өндірушінің веб-торабында болуы мүмкін.
Компьютерде USB 1.0, 1.1, 2.0 немесе 3.0 құрылғыларымен жұмыс істейтін кем дегенде 1 USB порты 
бар. Сонымен қатар, сыртқы құрылғыға қуат беретін USB зарядтау порты компьютеріңізде болуы 
мүмкін. Қосымша USB қондыру құрылғысы немесе USB концентраторы компьютермен пайдалануға 
болатын қосымша USB порттарымен қамтамасыз етеді.
46 7-тарау Сыртқы карталар мен құрылғылар










