User Guide - Windows 8.1
1 Қош келдіңіз
Компьютерді орнатқан және тіркеген соң, зерделі қаржыландырудың ең көбін алу үшін келесі 
қадамдарды орындауды ұсынамыз:
●
КЕҢЕС: Ашық тұрған бағдарламадан немесе Windows жұмыс үстелінен компьютердің бастау 
экранына жылдам оралу үшін, пернетақтадағы Windows пернесін   басыңыз. Windows 
пернесін қайта басу алдыңғы экранға қайтарады.
●
Интернетке қосылу — Интернетке қосылу үшін, сымды және сымсыз желіні реттеңіз. Қосымша 
ақпаратты Желіге қосылу (16-бет) бөлімінен қараңыз.
●
Вирусқа қарсы бағдарламалық құралды жаңарту — вирустардан болатын зақымнан 
компьютерді қорғаңыз. Бағдарламалық құрал компьютерде алдын ала орнатылып келеді. 
Қосымша ақпаратты Вирусқа қарсы бағдарламалық құралды пайдалану (68-бет) бөлімінен 
қараңыз.
●
Компьютермен танысу — компьютер мүмкіндіктері туралы қосымша мәлімет алыңыз. Қосымша 
ақпарат алу үшін, Компьютермен танысу (4-бет) және Пернетақта, сенсорлы тақтаның 
қимылдары және меңзегіш құрылғылар арқылы шарлау (24-бет) бөлімдерін қараңыз.
●
Орнатылған бағдарламалық құралды табу — компьютерде алдын ала орнатылған 
бағдарламалық құралдар тізімін қараңыз:
Бастау экранында п деп жазып, Приложения (Бағдарламалар) тармағын басыңыз және 
көрсетілген тізімінен опцияны таңдаңыз
. Компьютермен жеткізілетін бағдарламалық құралды 
пайдалану туралы толық ақпаратты бағдарламалық құралдың өндірушісі берген нұсқаулардан 
қараңыз. Нұсқаулар бағдарламалық құралмен бірге берілуі немесе өндірушінің веб-торабында 
болуы мүмкін.
●
Қалпына келтіру дискілерін немесе қалпына келтіру флэш жетегін жасау арқылы қатты дискінің 
сақтық көшірмесін жасаңыз. Сақтық көшірме жасау және қалпына келтіру (77-бет) бөлімін 
қараңыз.
1










