User's Guide

Оң жақ
Бөлік Сипаттама
(1)
Жад картасын оқу құрылғысы Ақпарат сақтауға, басқаруға, ортақ пайдалануға немесе
ашуға мүмкіндік беретін қосымша жад карталарын оқиды.
Картаны салу үшін:
1. Қосқыштарын компьютерге қаратып, картаның
жапсырма жағын жоғары қаратып ұстаңыз.
2. Картаны жад картасын оқу құрылғысына енгізіп, нық
отырғанша үстінен басыңыз.
Картаны алып тастау үшін:
Картаны басып, оны жад картасын оқу құрылғысынан
алып тастаңыз.
(2)
USB 3.0 зарядтау (қуат берілетін) порты
Пернетақта, тінтуір, сыртқы диск, принтер, сканер немесе
USB хабі сияқты қосымша USB құрылғысы жалғанады.
Барлық USB құрылғылары стандартты USB порттары
арқылы зарядталмайды немесе зарядтау үшін төмен ток
қолданылады. Кейбір USB құралғыларын зарядтау үшін
оларды ток беретін портқа жалғау қажет.
ЕСКЕРТПЕ: USB зарядтау порты арқылы компьютер
өшірулі болса да, ұялы телефондардың және MP3
ойнатқыштардың кейбір үлгілерін зарядтауға болады.
(3)
USB 3.0 порты Пернетақта, тінтуір, сыртқы диск, принтер, сканер немесе
USB хабі сияқты қосымша USB құрылғысы жалғанады.
(4)
HDMI порты Ажыратымдылығы жоғары теледидар немесе кез келген
сыйысымды сандық не аудио компоненті сияқты қосымша
видео не аудио құрылғыны, сондай-ақ жылдамдығы
жоғары HDMI құрылғысын қосады.
(5)
RJ-45 (желі) ұя/күй шамдары Желілік кабелді қосады.
Ақ: желі қосылған.
Сары: Желіде әрекет орын алуда.
(6)
Aйнымалы ток адаптері/батарея шамы
Ақ: айнымалы ток адаптері қосылған, батарея
толығымен зарядтаулы емес.
Ақ түсте жыпылықтау: Айнымалы ТОК адаптері
ажыратылды және батарея заряды төмен батарея
деңгейіне жетті.
Сары: айнымалы ток адаптері қосылған, батарея
зарядталуда.
KKWW Оң жақ 5