User's Guide

Сол жақ
Бөлік Сипаттама
(1)
Қауіпсіздік кабелінің ұясы Қосымша қауіпсіздік кабелін компьютерге жалғайды.
ЕСКЕРТПЕ: Қауіпсіздік кабелі сақтандырғыш құрал ретінде
әрекет ету үшін жасалған, бірақ ол компьютерге күтімсіз
қараудан немесе оны ұрланудан қорғай алмауы мүмкін.
(2)
USB 3.0 порттары (2) Пернетақта, тінтуір, сыртқы диск, принтер, сканер немесе
USB хабі сияқты қосымша USB құрылғысы жалғанады.
(3)
Аудио шығыс (гарнитура) ұясы/Аудио кіріс
(микрофон) комбо ұяшығы
Токқа қосылатын қосымша стерео үндеткіштер,
құлақаспаптар, тығын тәріздес құлақаспаптар, гарнитура
немесе теледидар дыбыс кабелі қосылады. Сонымен қатар,
қосымша гарнитура микрофонын қосады. Бұл ұя қосымша
тек микрофон құрылғыларын қолдамайды.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Жарақаттану қаупін азайту үшін,
құлақаспаптар, тығын тәріздес құлақаспап немесе
гарнитураны киер алдында, дыбыс деңгейін
реттеңіз.
Қосымша қауіпсіздік ақпаратын алу үшін, Заңды, қауіпсіздік
және қоршаған орта ескертпелерін қараңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Құрылғы ұяға қосылған кезде, компьютер
үндеткіштері ажыратылады.
ЕСКЕРТПЕ: Құрылғы кабелінің аудио шығыс (құлақаспап)
және аудио кіріс (микрофон) ұяларының екеуіне сәйкес
келетін 4 сымды қосқышы бар екеніне көз жеткізіңіз.
(4)
Қатты диск шамы
Ақ түсте жыпылықтау: Қатты диск пайдаланылуда.
Сары: HP 3D DriveGuard қызметі қатты дискті уақытша
өшіріп қояды.
ЕСКЕРТПЕ: HP 3D DriveGuard қызметі туралы ақпаратты
HP
3D DriveGuard бағдарламасын (тек таңдаулы өнімдерде)
пайдалану (41-бет) бөлімінен қараңыз
(5)
Қуат шамы
Қосулы: компьютер қосулы.
Жыпылықтау: қуатты үнемдеу күйі болып табылатын
«Ұйқы күйі» компьютерде қосылған. Компьютер
дисплейдің және басқа да қажет емес құрамдас
бөліктердің қуатын өшіреді.
Өшірулі: компьютер өшірулі немесе күту күйінде. Күту
күйіең аз мөлшерде қуат тұтынатын қуатты
үнемдеу күйі.
(6) Oптикалық диск жетегі Компьютер үлгісіне байланысты, оптикалық дискті оқиды
немесе
оптикалық дискті оқып, оған жазады.
KKWW Сол жақ 7