User's Guide
Микрофонды қосу
Дыбыс жазу үшін, микрофонды компьютердің микрофон ұясына қосыңыз. Жазу кезінде жақсы нәтиже
алу үшін, микрофонға тікелей сөйлеп, артқы шу жоқ параметрде дыбысты жазыңыз.
Гарнитураны қосу
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Жарақаттану қаупін азайту үшін, құлақаспаптар, тығын тәріздес құлақаспаптар
немесе гарнитураны киер алдында, дыбыс қаттылығын төмендетіңіз. Қауіпсіздік туралы қосымша
ақпарат алу үшін, Заңдық, қауіпсіздік және экологиялық ескертпелер бөлімін қараңыз.
Бұл құжатты ашу үшін:
1. Тапсырмалар тақтасының іздеу жолағында поддержка (қолдау) сөзін жазып, HP Support
Assistant бағдарламасын таңдаңыз.
– немесе –
Тапсырмалар тақтасындағы сұрау белгісінің
белгішесін басыңыз.
2. Компьютерім таңдаңыз, Сипаттамалар қойындысын таңдап, Пайдаланушы нұсқаулары
опциясын таңдаңыз.
Микрофонмен біріктірілген құлақаспаптар гарнитура деп аталады. Сымды гарнитураны
компьютердегі аудио шығыс (құлақаспап) ұясына/аудио кіріс (микрофон) ұясына қосуға болады.
Компьютерге сымсыз гарнитураны жалғау үшін, құрылғы өндірушісінің нұсқауларын орындаңыз.
Дыбыс параметрлерін пайдалану
Жүйе дыбыс деңгейін реттеу, жүйе дыбысын өзгерту не аудио құрылғыларды басқару үшін дыбыс
параметрлерін пайдаланыңыз.
Дыбыс параметрлерін қарау немесе өзгерту үшін:
▲
Бастау экранына панель управления (басқару тақтасы) деп жазып, Панель управления
(Басқару тақтасы) белгішесін басыңыз және Оборудование и звук (Аппараттық құрал және
дыбыс) параметрін таңдап, Звук (Дыбыс) параметрін таңдаңыз.
– немесе –
Пуск
(Бастау) түймесін тінтуірдің оң жақ түймешігімен басып, Панель управления (Бастау
тақтасы) пәрменін таңдап, Аппаратное обеспечение и звук (Аппараттық құралдар және дыбыс)
таңдап, Звук (Дыбыс) тармағын таңдаңыз.
Кеңейтілген дыбыс мүмкіндіктерін пайдалану
Компьютеріңіз дыбысты басқару панелі арқылы басқарылатын кеңейтілген дыбыстық мүмкіндіктерді
қамтиды. Кеңейтілген дыбысты компьютердің ішкі үндеткіштері, USB портына қосылған сыртқы
үндеткіштер немесе дыбысы шығысы (құлақаспап) дыбыс кірісі (микрофон) біріктірілген ұясына
қосылған дыбыс құлақаспаптары көмегімен пайдалана аласыз.
Дыбысты басқару тақтасына қатынасу
Дыбыстық параметрлерді көру және басқару үшін дыбыстың басқару панелін пайдаланыңыз.
KKWW Дыбысты пайдалану 23










