User's Guide

5 Экранда шарлау
Компьютер экраны бойынша келесі әдістермен жылжуға болады:
Түрту қимылдарын тікелей компьютер экранында (тек таңдаулы өнімдерде) пайдалану
Сенсорлық қимылдарды сенсорлық тақтада пайдаланыңыз
Пернетақтаны және қосымша тінтуірді пайдаланыңыз (тінтуір бөлек сатылады)
Сенсорлы тақтаны және сенсорлы экран қимылдарын
пайдалану
Сенсорлы тақта қарапайым саусақ қозғалыстарымен компьютер экранында шарлауға және меңзерді
басқаруға мүмкіндік береді. Әрі сенсорлы тақтаның сол және оң жақ түймешіктерін сыртқы тінтуірдің
сәйкес түймешіктері сияқты пайдалануға болады. Сенсорлы экранды шарлау үшін (тек таңдаулы
өнімдерде) осы тарауда сипатталған қимылдар арқылы экранды тікелей нұқыңыз.
Қимылдарды қалауыңыз бойынша реттеуге және олардың қалай әрекет ететінін
көруге болады.
Тапсырмалар тақтасы іздеу жолағында басқару панелі сөз тіркесін теріп, Басқару панелі
опциясын таңдаңыз және Жабдық пен дыбыс опциясын таңдаңыз. Устройства и принтеры
(Құрылғылар және принтерлер) тізімінен Мышь (Тінтуір) тармағын таңдаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Өзге көрсетілмесе, қимылдарды сенсорлы тақтада немесе сенсорлы экранда (тек
таңдаулы өнімдерде) пайдалануға болады.
Түрту
Түрту/екі рет түрту қимылын экранда элементті таңдау немесе ашу үшін пайдаланыңыз.
Экрандағы бір элементке меңзерді апарып, оны таңдау үшін бір саусақпен сенсорлы тақта немесе
сенсорлы экран аймағын түртіңіз. Элементті ашу үшін оны екі рет түртіңіз.
KKWW Сенсорлы тақтаны және сенсорлы экран қимылдарын пайдалану 27