User's Guide
3. Батареяны жоғарыға тартып (2), компьютерден шығарып алыңыз (3).
Батарея ақпаратын табу
Батарея туралы ақпаратқа қол жеткізу үшін:
1. Тапсырмалар тақтасының іздеу жолағында поддержка (қолдау) сөзін жазып, HP Support
Assistant бағдарламасын таңдаңыз.
– немесе –
Тапсырмалар тақтасындағы сұрау белгісінің белгішесін басыңыз.
2. Мой ПК (Менің ДК), Диагностика и инструменты (Диагностика және құралдар) қойыншасын
таңдаңыз, одан кейін HP Battery Check бағдарламасын таңдаңыз. Егер батареяны ауыстыру
керектігі НР Battery Check (НР Батарея тексеру) бағдарламасы арқылы анықталған болса, НР
қолдау қызметімен хабарласыңыз.
HP Support Assistant (НР қолдау көмекшісі) бағдарламасы мына құралдармен және батарея туралы
ақпаратпен қамтамасыз етеді:
●
HP Battery Check
●
Батареяның түрлері, сипаттамалары, батареяның қызмет ету мерзімдері және сыйымдылығы
туралы ақпарат
Батарея қуатын үнемдеу
Батарея қуатын үнемдеу және батареяның қызмет ету мерзімін барынша ұзарту үшін келесі кеңестерді
орындаңыз:
●
Экранның жарықтығын төмендетіңіз.
●
Параметры электропитания (Қуат параметрлері) ішінен Power saver (Қуат үнемдегіші) параметрін
таңдаңыз.
●
Компьютер 2 аптадан артық пайдаланылмайтын және сыртқы қуат көзіне жалғанбайтын болса,
пайдаланушы ауыстыратын батареяны компьютерден шығарып алып, оны салқын, құрғақ
жерде көмпьютерден бөлек сақтаңыз.
●
Пайдаланбаған кезде сымсыз құрылғыларды өшіріңіз.
●
USB портына қосылған сыртқы қатты диск сияқты сыртқы қуат көзіне жалғанбаған
пайдаланылмайтын сыртқы құрылғыларды ажыратыңыз.
KKWW Батареяның қуатымен жұмыс істеу 35










