User's Guide
HP қолдау қызметі
Өнімнің соңғы жаңартулары мен қолдау туралы ақпаратты алу үшін, www.support.hp.com 
мекенжайындағы өнімді қолдау веб-сайтына кіріңіз. HP онлайн режимінде қолдау принтерге қатысты 
түрлі қызметтерді ұсынады:
Драйверлер және жүктеулер: Бағдарламалық құрал драйверлері мен жаңартуларды, сондай-ақ, 
принтер қорабында болатын нұсқаулықтар мен құжаттамаларды жүктеп алыңыз.
HP қолдау форумдары: Жалпы сұрақтар мен мәселелердің жауабын алу үшін, HP қолдау форумдарына 
қатысыңыз. Басқа HP тұтынушылары жариялаған сұрақтарды көре аласыз немесе жүйеге кіріп, жеке 
сұрақтарыңызды қойып және түсініктемелер қалдыра аласыз.
Ақауларды жою: Принтерді тексеріп, ұсынылатын шешімдерді табу үшін, HP онлайн режиміндегі 
құралдарын пайдаланыңыз.
HP қолдау қызметімен хабарласу
Мәселені шешу үшін, HP техникалық қолдау қызметінің өкілінен көмек қажет болса, Қолдау қызметінің 
хабарласу веб-сайтына кіріңіз. Келесі байланысу түрлері кепілдеме бар тұтынушылар үшін тегін (HP 
агентінің көрсеткен қызметі кепілдемесі жоқ тұтынушылар үшін ақылы болуы мүмкін):
HP қолдау қызметінің агентімен онлайн режимінде хат алмасу.
HP қолдау қызметінің агентін шақыру.
HP қолдау қызметіне хабарласқан кезде келесі ақпаратты беруге дайын болыңыз:
●
Өнім атауы (HP DeskJet 3700 сияқты принтерде орналасқан)
●
Өнім нөмірі (сия картриджін алу есігінің ішінде орналасқан)
●
Сериялық нөмірі (принтердің артқы немесе астыңғы жағында орналасады)
KKWW HP қолдау қызметі 97










