User's Guide
Құжаттарды басып шығару
Құжаттарды басып шығармас бұрын кіріс науасына қағаз салынғанын және шығыс науасы ашық
екенін тексеріңіз. Қағаз салу туралы қосымша ақпарат алу үшін Медиа құралын салу (10-бет) бөлімін
қараңыз.
Құжатты басып шығару (Windows)
1. Бағдарламалық құралдан Басып шығару түймесін таңдаңыз.
2. Принтердің таңдалғанына көз жеткізіңіз.
3. Свойства (Сипаттар) тілқатысу терезесін ашатын түймешікті басыңыз.
Бағдарламалық құрал қосымшасына байланысты бұл түймешік Свойства (Сипаттар), Опции
(Опциялар), Установка принтера (Принтерді орнату), Свойства принтера (Принтер сипаттары),
Принтер немесе Предпочтения (Таңдаулы параметрлер) деп аталуы мүмкін.
4. Printing Shortcut (Басып шығару белгісі) қойындысында сәйкес параметрлерді таңдаңыз.
Басқа басып шығару параметрлерін өзгерту үшін басқа қойындыларды басыңыз.
Қосымша басып шығару кеңестерін көру үшін Дұрыс басып шығару туралы кеңестер (32-бет)
бөлімін қараңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Егер қағаз өлшемін өзгертсеңіз, тиісті қағазды кіріс науасына жүктегеніңізді
тексеріңіз.
5. Сипаттар диалогтық терезесін жабу үшін OK түймешігін басыңыз.
6. Басып шығаруды бастау үшін Печать (Басып шығару) немесе OK түймешігін басыңыз.
Құжаттарды басып шығару (OS X)
1. Бағдарламалық жасақтаманың Файл (Файл) мәзірінде Печать (Басып шығару) түймеcін
таңдаңыз.
2. Принтердің таңдалғанын тексеріңіз.
3. Қайта теру параметрін орнату
Басып шығару диалогтық терезесінде опцияларды көрмесеңіз, Мәліметтерді көрсету түймесін
басыңыз.
●
Қағаз өлшемі қалқымалы мәзірінен сәйкес қағаз өлшемін таңдаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Егер қағаз өлшемін өзгертсеңіз, тиісті қағазды жүктегеніңізді тексеріңіз.
●
Бағдар параметрін таңдаңыз.
●
Масштабтау пайызын енгізіңіз.
4. Басып шығару түймешігін басыңыз.
Беттің екі жағында басып шығару (Windows)
1. Бағдарламалық құралдан Басып шығару түймесін таңдаңыз.
2. Принтердің таңдалғанын тексеріңіз.
24 3-тарау Басып шығару KKWW










