User's Guide
басыңыз. Сонымен қатар, жоғары сападағы қара және ақ суретті басып шығаруға мүмкіндік 
береді. Жоғары сапалы сұр реңк параметрін таңдап, OK түймесін басыңыз.
—
Бір парақта орналасатын беттер: Бір парақта құжаттың бірнеше бетін басып шығарсаңыз, 
беттер ретін көрсетуге көмектеседі.
ЕСКЕРТПЕ: Орналасу қойындысында қарап шығу Бір парақта орналасатын беттер 
ашылмалы тізімінде таңдалған параметрлерге әсер етпейді.
—
HP нақты өмір технологиялары: Бұл мүмкіндік жақсартылған басып шығару сапасы үшін 
суреттер мен сызбаларды тегістейді және анығырақ көрсетеді. 
—
Кітапша: Бірнеше беттік құжатты кітапша ретінде басып шығаруға мүмкіндік береді. 
Парақтың бір бетінде екі бетті орналастырады, кейінірек беттің ортасы бойынша кітапша 
ретінде бүктеуге болады. Түптеу әдісін ашылмалы тізімнен таңдаңыз, содан кейін OK 
түймесін басыңыз.
○
Кітапша-Сол жағы бойынша түптеу: Түптелетін шеті кітапша ретінде бүктелгенде сол 
жақта пайда болады. Солдан оңға қарай оқитын болсаңыз, осы опцияны таңдаңыз
○
Кітапша-Оң жағы бойынша түптеу: Түптелетін шеті кітапша ретінде бүктелгенде оң 
жақта пайда болады. Оңнан солға қарай оқитын болсаңыз, осы опцияны таңдаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Орналасу қойындысында қарап шығу Кітапша ашылмалы тізімінде таңдалған 
параметрлерге әсер етпейді.
—
Басып шығарылатын беттер: Тақ беттерді, жұп беттерді немесе барлық беттерді басып 
шығаруға мүмкіндік береді.
—
Бет жиектері: Бір парақта құжаттың бірнеше бетін басып шығарсаңыз, беттерге жиектерді 
қосуға мүмкіндік береді.
ЕСКЕРТПЕ: Орналасу қойындысында қарап шығу Бет жиектері ашылмалы тізімінен 
таңдалғандарға әсер етпейді.
●
Басып шығару параметрлерін орнату кезінде уақытты үнемдеу үшін басы шығару таңбашаларын 
пайдалануға болады. Басып шығару тіркесімі белгілі бір жұмыс түріне сәйкес келетін параметр 
мәндерін сақтайды, сонда барлық опцияларды бір рет басып орнатуға болады. Пайдалану үшін 
Басып шығару тіркесімі қойындысында басып шығарылатын бір тіркесімді таңдаңыз, содан 
кейін OK түймесін басыңыз.
Жаңа басып шығару тіркесімін қосу үшін Орналасу немесе Қағаз/сапа қойындысында 
параметрлерді өзгерткеннен кейін, Басып шығару тіркесімі қойындысын басыңыз, Басқаша 
сақтау түймесін басып, атауды енгізіңіз, содан кейін OK түймесін басыңыз.
Басып шығару тіркесімін жою үшін таңдаңыз, содан кейін Жою түймесін басыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Әдепкі басып шығару тіркесімдерін жоюға болмайды.
KKWW Дұрыс басып шығару туралы кеңестер 33










