User's Guide
Веб-қызметтерді орнату
Веб-қызметтерді орнату алдында принтер сымсыз байланысты қолдану арқылы интернетке
қосылғандығын тексеріңіз.
Веб-қызметтерді орнату
1. Енгізілген веб-серверді (EWS) ашыңыз. Қосымша ақпарат алу үшін Енгізілген веб-серверді ашу
(68-бет) бөлімін қараңыз.
2. Веб-қызметтер қойындысын басыңыз.
3. Веб-қызметтерінің параметрлері бөлімінен Теңшеу түймесін, Continue (Жалғастыру) түймесін
басып, пайдалану шарттарын қабылдау үшін экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
4. Нұсқау берілсе, принтердің тексеруіне рұқсат етуді таңдап, принтер жаңартуларын орнатыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Принтерді жаңарту қол жетімді болса, принтер жаңартуларды жүктейді және
орнатады, кейінірек қайта бастаңыз. Веб-қызметтерді орнату үшін, нұсқауларды 1-қадамнан
бастап қайталаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Прокси-параметрлеріне нұсқау берілсе және желіңіз прокси-параметрлерді
пайдаланса, прокси-серверлерді орнату үшін экрандағы нұсқауларды орындаңыз. Қосымша
ақпарат алу үшін желі әкімшісімен немесе желіні орнатқан адаммен хабарласыңыз.
5. Принтер серверге қосылған кезде, принтер мәліметтер бетін басып шығарады. Орнатуды аяқтау
үшін ақпараттық беттегі нұсқауларды орындаңыз.
KKWW Веб-қызметтерді орнату 37










