User's Guide

HP принтер бағдарламалық жасақтамасы арқылы
сканерлеу
Компьютерге сканерлеу
Жаңа сканерлеу таңбашасын жасау (Windows)
Сканерлеу параметрлерін өзгерту (Windows)
Компьютерге сканерлеу
Компьютерге сканерлемес бұрын HP принтерінің ұсынылған бағдарламалық құралы
орнатылғандығын тексеріңіз. Принтер мен компьютер жалғанған және қосулы болуы қажет.
Құжатты немесе фотосуретті файлға сканерлеу (Windows)
1. Түпнұсқаны басып шығарылатын жағын жоғары қаратып, ол сканер жолына салынбайынша
және сканер шамы жанбайынша, толығымен сканердің оң жағымен туралап салыңыз.
2. Принтердің бағдарламалық құралын ашу үшін, жұмыс үстеліндегі принтер белгішесін екі рет
басыңыз немесе келесі әрекеттердің бірін орындаңыз:
Windows 10: Компьютердің жұмыс үстелінен Start (Бастау) түймесін басып, All apps (Барлық
бағдарламалар) тармағын таңдап, НР түймесін басыңыз, содан соң принтер атауы бар
белгішені таңдаңыз.
Windows 8.1: Бастау терезесінің сол жақ төменгі бұрышындағы төмен көрсеткіні басып,
принтер атауын таңдаңыз.
Windows 8: Бастау терезесіндегі бос орынды тінтуірдің оң жағымен басып, бардарламалар
жолағындағы Барлық бағдарламалар түймесін басып, принтер атауын таңдаңыз.
Windows 7, Windows Vista және Windows XP: Компьютердің жұмыс үстелінен Start (Бастау)
түймесін басып, All Programsарлық бағдарламалар) тармағын таңдап, НР түймесін
басыңыз, содан соң принтерге арналған қалтаны басып, принтер атауы бар белгішені
таңдаңыз.
3. Принтердің бағдарламалық құралында Құжатты немесе фотосуретті сканерлеу және
Сканерлеу түймелерін басыңыз.
4. Қажетті сканерлеу түрін таңдап, Сканерлеу түймесін басыңыз.
Құжатты (немесе фотосуретті) PDF файлы ретінде сақтау үшін PDF ретінде сақтау
параметрін таңдаңыз.
Құжатты (немесе фотосуретті) сурет файлы ретінде сақтау үшін JPEG ретінде сақтау
параметрін таңдаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Бастапқы экран негізгі параметрлерді қарап шығуға және өзгертуге мүмкіндік
береді. Толық параметрлерді қарау және өзгерту үшін сканерлеу диалогтық терезесінің жоғарғы
оң жақ бұрышындағы Қосымша сілтемесін басыңыз.
Қосымша ақпарат алу үшін Сканерлеу параметрлерін өзгерту (Windows) (45-бет) бөлімін
қараңыз.
Сканерлегеннен кейін көру құралын көрсету параметрі таңдалған болса, алдын ала қарап алу
экранында сканерленген суреттерге түзетулер жасай аласыз.
KKWW HP принтер бағдарламалық жасақтамасы арқылы сканерлеу 43