User's Guide

Сәтті көшіру және сканерлеу туралы кеңестер
Сәтті көшіру және сканерлеу үшін келесі кеңестерді пайдаланыңыз:
Сканерге бір уақытта түпнұсқаның бір парағын салыңыз.
Қапсырмалары немесе қағаз қыстырғыштары бар түпнұсқаларды сканерлемеңіз.
Ылғал материалдарды қамтитын түпнұсқаларды сканерлемеңіз (мыс., пастельдер, меркерлер
немесе басқа боялған заттар).
Сканерлеу аяқталған соң, түпнұсқаны сканерлеу жолынан алыңыз.
Сканерді тікелей күн сәулесіне, ашық жарыққа немесе шаң ортаға қоймаңыз.
Көшірілген немесе сканерленген құжаттарда тік жолақтарды көретін болсаңыз, жолақтар пайда
болған сканер жолына ауа үрлеу үшін қысылған ауаны тозаңдатқышты қолданыңыз.
Шағын түпнұсқаның үлкен көшірмесін жасау үшін түпнұсқаны компьютерге сканерлеңіз,
сканерлеу бағдарламасындағы кескін өлшемін өзгертіңіз, содан кейін үлкейтілген кескіннің
көшірмесін басып шығарыңыз.
Дұрыс емес немесе жоқ сканерленген мәтінді болдырмау үшін бағдарламада жарықтық тиісті
түрде орнатылғанын тексеріңіз.
48 5-тарау Көшіру және сканерлеу KKWW