User's Guide
Өлшенген сия деңгейлерін тексеру
Картриджді қашан ауыстыру керектігін анықтау үшін сия жабдығының деңгейін оңай тексеруге
болады. Сия жабдығының деңгейі картридждерде қалған сия көлемін анықтап көрсетеді.
ЕСКЕРТПЕ: Қайта толтырылған немесе қайта шығарылған картриджды немесе басқа принтерде
қолданылған картриджды орнатқан болсаңыз, сия көрсеткіші мұқият емес немесе қол жетімсіз болуы
мүмкін.
ЕСКЕРТПЕ: Сия деңгейі ескертулері мен көрсеткіштері тек қана жоспарлау мақсатында ғана
анықтауларды береді. Сияның аз қалғандығы туралы ескерту хабарламасын алғанда, ықтимал басып
шығару кешігулерін болдырмас үшін ауыстыратын картридждың болуын қарастырыңыз. Басып
шығару сапасы жарамсыз болмайынша картридждерді ауыстырудың қажеті жоқ.
ЕСКЕРТПЕ: Картридждардағы сия әртүрлі әдістегі басып шығару үрдісінде қолданылады, олар
басып шығаруға принтер мен картриджды дайындайтын бастапқы күйді және принтер
қондырмасының таза болуын және сияның тегіс ағуын қамтамасыз ететін басып шығару механизмінің
қызметін қамтиды. Қосымша, қалдық сия қолданылғаннан кейін картриджда қалып қояды. Қосымша
ақпаратты www.hp.com/go/inkusage сайтынан қараңыз.
Сия деңгейін принтер басқару тақтасынан тексеру
●
Принтер дисплейіндегі Сия деңгейі белгішелері картридждерінде қалған сияның болжалды
мөлшерін көрсетеді.
HP бағдарламалық құралынан сия деңгейін тексеру принтер бағдарламалық жасақтамасы (Windows)
1. HP принтерінің бағдарламалық құралын ашыңыз. Қосымша ақпарат алу үшін HP принтерінің
бағдарламалық құралын ашыңыз (Windows) (18-бет) бөлімін қараңыз.
2. принтер бағдарламалық жасақтамасы ішінде Estimated Levels (Анықталған деңгейлері)
қойындысын басыңыз.
HP бағдарламалық құралынан сия деңгейін тексеру принтер бағдарламалық жасақтамасы (OS X)
1. HP қызметтік бағдарламасы ашыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: HP қызметтік бағдарламасы Applications (Бағдарламалар) қалтасының HP
қалтасында орналасқан.
2. Терезенің сол жағындағы құрылғылар тізімінен HP DeskJet 3700 series таңдаңыз.
3. Жабдықтар күйі түймешігін басыңыз.
Анықталған сия деңгейлері шығады.
4. Ақпарат және Қолдау аймағына қайта оралу үшін Барлық параметрлер түймешігін басыңыз.
50 6-тарау Картридждерді басқару KKWW










