User's Guide
Картридждармен жұмыс істеу туралы кеңестер
Картридждармен жұмыс істегенде мына кеңестерді пайдаланыңыз:
●
Картридждердің өшіп қалуына жол бермеу үшін принтерді әрдайым Қуат түймесін басу арқылы
өшіріңіз және Қуат түймесінің жарығы өшкенін күтіңіз.
●
Орнатуға дайын болмайынша қақпақсыз картридждерді ашпаңыз. Картридждерде қақпақтарды
қалдыру сияның булануын азайтады.
●
Картридждарды сәйкес ұяларына салыңыз. Әр картридждың түсін және белгішесін әр ұяның түсі
мен белгішесіне сәйкестендіріңіз
. Барлық картридждердің орнына түсуін тексеріңіз.
●
Басып шығарудың үздік сапасына қол жеткізу үшін принтерді туралаңыз. Қосымша ақпаратты
Басып шығару ақаулары (79-бет) бөлімінен қараңыз.
●
Estimated Cartridge Levels (Өлшенген картридж деңгейлері) экраны бір немесе екі картридж
деңгейін төмен деп көрсетсе, басып шығаруда болуы мүмкін кідіріске жол бермеу үшін
алмастыру картридждерін алуды қарастырыңыз. Басып шығару сапасы ұнамсыз болмайынша
картридждарды ауыстырудың қажеті жоқ. Қосымша ақпаратты Картридждерді ауыстыру
(52-бет) бөлімінен қараңыз.
●
Егер қандай да себепке байланысты картриджді принтерден шығарған болсаңыз, оны
мүмкіндігінше тез қайта қоюға тырысыңыз. Қорғалмаған жағдайда, картридждер принтер
сыртында құрғай бастайды.
56 6-тарау Картридждерді басқару KKWW










