User's Guide

Принтерге маршрутизаторсыз сымсыз қосылым арқылы
қосыңыз.
Бұрыннан бар сымсыз желіге қосылмай-ақ, Wi-Fi Direct арқылы компьютерден, смартфоннан,
планшеттен немесе сымсыз жұмыс істейтін құрылғыдан сымсыз түрде басып шығара аласыз.
Wi-Fi Direct құрылғысын пайдалану нұсқаулықтары
Компьютеріңіздің немесе мобильді құрылғыңыздың қажетті бағдарламалық құралы бар екенін
тексеріңіз:
Егер компьютер қолданып жатқан болсаңыз, НР принтер бағдарлама жасақтамасы
орнатылғанын тексеріңіз.
Егер HP принтерінің бағдарламалық құралы компьютерге орнатылмаған болса, алдымен Wi-
Fi Direct байланысын қосып, принтердің бағдарламалық құралын орнатыңыз. Принтердің
бағдарламалық құралы байланыс түрін сұраған кезде Сымсыз параметрін таңдаңыз.
Егер мобильді құрылғы пайдаланып жатқан болсаңыз, үйлесімді басып шығару
бағдарламасын орнатқаныңызды тексеріңіз. Қосымша ақпарат алу үшін www.hp.com/go/
mobileprinting HP мобильді басып шығару веб-сайтына кіріңіз. Осы веб-сайттың жергілікті
нұсқасы еліңізде/аймағыңызда немесе тіліңізде қол жетімді болмаса, басқа елдегі/
аймақтағы немесе тілдегі HP мобильді басып шығару веб-сайтына бағытталған болуыңыз
мүмкін.
Принтердің Wi-Fi Direct параметрі қосылғандығын тексеріңіз.
Барлығы бес компьютер мен мобильді құрылғы бір Wi-Fi Direct байланысын пайдалана алады.
Сондай-ақ, принтер USB кабелін пайдаланатын компьютерге немесе сымсыз байланыс арқылы
желіге қосылып тұрғанда Wi-Fi Direct пайдалануға болады.
Wi-Fi Direct интернетке компьютерді, мобильді құрылғыны немесе принтерді қоса алмайды.
Wi-Fi Direct функциясын қосу немесе өшіру
Принтердің басқару тақтасында Wi-Fi Direct түймесін ( ) басыңыз.
Wi-Fi Direct функциясы қосылған кезде Wi-Fi Direct шамы тұрақты жанып тұрады. Wi-Fi Direct
атауы мен құпия сөзін табу мақсатында принтердің ақпараттық бетін басып шығару үшін,
Ақпарат түймесін ( ) басыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Wi-Fi Direct функциясын бірінші рет қосқан кезде принтер автоматты түрде Wi-Fi
Direct нұсқаулығын басып шығарады. Нұсқаулықта Wi-Fi Direct функциясын пайдалану туралы
нұсқаулар беріледі. Осыдан кейін Wi-Fi Direct нұсқаулығын басып шығару үшін, Wi-Fi Direct
түймесі ( ) мен Ақпарат түймесін ( ) қатар басыңыз. Нұсқаулық барлық тілдерде қолжетімді
болмауы мүмкін.
Wi-Fi Direct функциясы өшкен кезде Wi-Fi Direct шамы да өшеді.
Wi-Fi Direct шамының күйі туралы қосымша ақпарат алу үішн, Басқару панелінің шамдары мен
дисплей белгішелерінің күйі (7-бет) бөлімін қараңыз.
KKWW Принтерге маршрутизаторсыз сымсыз қосылым арқылы қосыңыз. 61