User's Guide

Wi-Fi Direct функциясын қолданатын, сымсыз байланысқа қосылатын мобильді құрылғыдан басып шығару
Мобильді құрылғыға HP баспы шығару қызметінің қосылатын модулінің ең соңғы нұсқасы
орнатылғандығын тексеріңіз. Бұл қосылатын модульді Google Play бағдарламалар дүкенінен жүктеп
алуға болады.
1. Принтердегі Wi-Fi Direct мүмкіндігі қосылғандығын тексеріңіз.
2. Мобильді құрылғыдағы Wi-Fi Direct функциясын қосыңыз. Қосымша ақпаратты мобильді
құрылғымен бірге берілген құжаттан қараңыз.
3. Мобильді құрылғыдағы басып шығару қосылған бағдарламдан құжатты таңдап, құжатты басып
шығару опциясын таңдаңыз
.
Қолжетімді принтерлердің тізімі пайда болады.
4. Қолжетімді принтерлер тізімінен көрсетілген Wi-Fi Direct атауын таңдаңыз, мысалы DIRECT-**-HP
DeskJet 3700 series (бұл жерде ** принтерді анықтайтын бірегей таңбалар).
Принтерге арналған Wi-Fi Direct байланысының қауіпсіздігі Автоматты (әдепкі параметр)
болса, мобильді құрылғы принтерге автоматты түрде қосылып, басып шығару жұмысын
жібереді.
Принтерге арналған Wi-Fi Direct байланысының қауіпсіздігі Қолмен реттелетін болса,
принтерге қосылу және басып шығару үшін келесі әрекеттердің бірін орындаңыз.
Принтердің басқару тақтасындағы Wi-Fi Direct шамы жыпылықтап тұрса, Wi-Fi Direct
түймесін ( ) басыңыз. Шам жыпылықтауды тоқтатып, жанып тұрады.
Принтер PIN коды көрсетілген бетті басып шығарса, беттегі нұсқауларды орындаңыз.
КЕҢЕС: Принтерге арналған Wi-Fi Direct байланыс қауіпсіздігінің параметрін енгізілген веб-
серверден (EWS) өзгертуге болады. Қосымша ақпарат алу үшін Енгізілген веб-серверді ашу
(68-бет) бөлімін қараңыз.
Wi-Fi Direct мүмкіндігін қолданбайтын сымсыз жұмыс істейтін мобильді құрылғыдан басып шығару
Мобильді құрылғыңызға үйлесімді басып шығару бағдарламасын орнатқаныңызды тексеріңіз.
Қосымша ақпарат алу үшін www.hp.com/go/mobileprinting HP мобильді басып шығару веб-сайтына
кіріңіз. Осы веб-сайттың жергілікті нұсқасы еліңізде/аймағыңызда немесе тіліңізде қол жетімді
болмаса, басқа елдегі/аймақтағы немесе тілдегі HP мобильді басып шығару веб-сайтына бағытталған
болуыңыз мүмкін.
1. Принтердегі Wi-Fi Direct мүмкіндігі қосылғандығын тексеріңіз.
2. Мобильді құрылғыдағы Wi-Fi байланысын қосыңыз. Қосымша ақпаратты мобильді құрылғымен
бірге берілген құжаттан қараңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Мобильді құрылғыңыз Wi-Fi байланысын қолдамаса, Wi-Fi Direct мүмкіндігін
пайдалану мүмкін емес.
3. Мобильді құрылғыдан жаңа желіге қосылыңыз. Әдетте жаңа сымсыз желі немесе қол жеткізу
нүктесіне қосылу үшін пайдаланылатын процесті пайдаланыңыз. DIRECT-**-HP DeskJet 3700
62 7-тарау Принтерді жалғау KKWW