User's Guide

series сияқты көрсетілген сымсыз желілер тізімінен Wi-Fi Direct атауын таңдаңыз (бұл жердегі **
принтерді анықтау үшін берілген бірегей таңбалар болып табылады).
Сұралған болса, Wi-Fi Direct құпиясөзін енгізіңіз.
4. Құжатты басып шығарыңыз.
Сымсыз жұмыс істейтін компьютерден басып шығару (Windows)
1. Принтердегі Wi-Fi Direct мүмкіндігі қосылғандығын тексеріңіз.
2. Компьютердің Wi-Fi байланысын қосыңыз. Қосымша ақпаратты компьютерде берілген құжаттан
қараңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Компьютеріңіз Wi-Fi байланысын қолдамайтын болса, Wi-Fi Direct мүмкіндігін
пайдалану мүмкін емес.
3. Компьютерден жаңа желіге қосылыңыз. Әдетте жаңа сымсыз желі немесе қол жеткізу нүктесіне
қосылу үшін пайдаланылатын процесті пайдаланыңыз. DIRECT-**-HP DeskJet 3700 series сияқты
көрсетілген сымсыз желілер тізімінен Wi-Fi Direct атауын таңдаңыз (бұл жердегі ** принтерді
анықтау үшін берілген бірегей таңбалар болып табылады).
Сұралған кезде Wi-Fi Direct құпиясөзін енгізіңіз.
4. Егер принтер орнатылып сымсыз желі арқылы компьютерге қосылған болса, 5 қадамға өтіңіз.
Егер принтер орнатылып компьютерге USB кабелі арқылы қосылған болса, HP Wi-Fi Direct
қосылымын пайдаланатын принтер бағдарламалық жасақтамасы орнату үшін төмендегі
қадамдарды орындаңыз.
а. Операциялық жүйеге қарай келесі әрекеттердің бірін орындаңыз:
Windows 10: Компьютердің жұмыс үстелінен Start (Бастау) түймесін басып, All apps
(Барлық бағдарламалар) тармағын таңдап, НР түймесін басыңыз, содан соң принтер
атауы бар белгішені таңдаңыз.
Windows 8.1: Бастау терезесінің сол жақ төменгі бұрышындағы төмен көрсеткіні басып,
принтер атауын таңдаңыз.
Windows 8: Бастау терезесіндегі бос орынды тінтуірдің оң жағымен басып,
бардарламалар жолағындағы Барлық бағдарламалар түймесін басып, принтер
атауын таңдаңыз.
Windows 7, Windows Vista және Windows XP: Компьютердің жұмыс үстелінен Start
(Бастау) түймесін басып, All Programs (Барлық бағдарламалар) тармағын таңдап, НР
түймесін басыңыз, содан соң принтерге арналған қалтаны басып, принтер атауы бар
белгішені таңдаңыз.
ә. принтер бағдарламалық жасақтамасы параметрінде Tools (Құралдар) түймесін басыңыз.
б. Device Setup & Software (Принтер параметрі және бағдарламалық құрылғыны орнату)
түймесін басып, Connect a new device (Жаңа құрылғы қосу) тармағын таңдаңыз.
KKWW Принтерге маршрутизаторсыз сымсыз қосылым арқылы қосыңыз. 63