User's Guide
Басқару тақтасының мүмкіндіктері
Түймелерге және шамдарға жалпы шолу
Мүмкіндік Сипаттама
1 Басқару тақтасының дисплейі : Көшірме санын, тасымалдағыш қателерін, сымсыз байланыс күйі 
мен сигнал деңгейін, Wi-Fi Direct күйі мен сия деңгейлерін көрсетеді.
2 Ақпарат түймесі: Принтердің мәліметтер беттерін басып шығарады. Осы түймелердің әрбірімен 
байланыстырылған арнайы анықтамалық беттерді алу үшін, Сымсыз немесе Wi-Fi Direct түймесімен 
бірге түймені басыңыз.
3 Жалғастыру түймесі: Ақаудан кейін жұмысты қайта жалғастырады (мысалы, қағазды салған соң 
немесе қағаз кептелісін тазартқан соң).
Жалғастыру шамы: Принтер ескерту не қате күйінде екендігін көрсетеді. Қосымша ақпарат алу үшін 
Басқару тақтасының кодтары мен күйі (93-бет) бөлімін қараңыз.
4 Отмена (Болдырмау) түймешік: Ағымдағы әрекетті тоқтатады.
5 Сымсыз түймесі: Принтердің сымсыз байланыс мүмкіндіктерін қосады немесе өшіреді.
Сымсыз шамы: Принтердің сымсыз желіге қосылғандығын не қосылмағандығын көрсетеді.
6 Начать копирование в черном цвете (Қара түсте көшіруді бастау) түймесі: Түрлі-түспен көшіру 
жұмысын бастайды. Түсті көшірмелер санын көбейту үшін түймені бірнеше рет жылдам басыңыз.
7 Көшіруді бастау шамы: Жыпылықтайтын шам Начать копирование в черном цвете (Қара түсте 
көшіруді бастау) және Начать копировать в черном цвете (Қара түсте басып шығаруды бастау) 
түймелерінің пайдалануға дайын екенін көрсетеді.
8 Начать копировать в черном цвете (Қара түсте басып шығаруды бастау) түймесі: Ақ қарамен 
көшіру жұмысын бастайды. Ақ-қара көшірмелер санын көбейту үшін, түймені бірнеше рет жылдам 
басыңыз.
9 Сия ескертуі шамы: Төмен сия деңгейін немесе картридж ақаулықтарын көрсетеді. Қосымша 
ақпарат алу үшін Басқару тақтасының кодтары мен күйі (93-бет) бөлімін қараңыз.
KKWW Басқару тақтасының мүмкіндіктері 5










