User Guide - Windows 8.1
Бөлік Сипаттама
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Жарақаттану қаупін азайту үшін,
құлақаспаптар, тығын тәріздес құлақаспап немесе
гарнитураны киер алдында, дыбыс деңгейін реттеңіз.
Қауіпсіздік туралы қосымша ақпарат алу үшін, Заңдық,
қауіпсіздік және экологиялық ескертпелер нұсқаулығын
қараңыз. Осы нұсқаулықты ашу үшін, Пуск (Бастау)
экранына поддержка (қолдау) сөзін теріп, HP Support
Assistant (HP қолдау көмекшісі) бағдарламасын таңдаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Құрылғы ұяға қосылған кезде, компьютер
үндеткіштері ажыратылады.
ЕСКЕРТПЕ: Құрылғы кабелінің аудио шығыс (құлақаспап)
және аудио кіріс (микрофон) ұяларының екеуіне сәйкес
келетін 4 сымды қосқышы бар екеніне көз жеткізіңіз.
(6) Жад картасын оқу құрылғысы Ақпарат сақталатын, басқарылатын, ортақ
пайдаланылатын немесе ашылатын қосымша жад
карталарын оқиды.
(7) Қатты диск шамы
●
Ақ түсте жыпылықтау: Қатты диск пайдаланылуда.
●
Сары: HP 3D DriveGuard қызметі қатты дискті уақытша
өшіріп қояды.
ЕСКЕРТПЕ: HP 3D DriveGuard қызметі туралы ақпаратты HP
3D DriveGuard бағдарламасын (тек таңдаулы үлгілерде)
пайдалану (59-бет) бөлімінен қараңыз.
6 2-тарау Компьютермен танысу