User Guide - Windows 8.1
2. Кабельдің екінші ұшын видео ұясына жалғаңыз.
3. Компьютер экранындағы кескінді 4 түрлі көрсету күйіне ауыстырып қосу үшін, fn+f4 пернесін
басыңыз:
●
ДК экраны ғана: экрандағы кескінді тек компьютерден көру.
●
Қос: экрандағы кескінді бір уақытта компьютер мен сыртқы құрылғының екеуінен де көру.
●
Кеңейтілген: экрандағы кескінді компьютер мен сыртқы құрылғының екеуінен көру.
●
Екінші экран ғана: экрандағы кескінді тек сыртқы құрылғыдан көру.
fn+f4 пернесі басылған сайын, көрсету күйі өзгереді.
ЕСКЕРТПЕ: Жақсы нәтиже үшін, егер «Дополнительные» (Қосымша) опциясы таңдалған болса,
сыртқы құрылғының экран ажыратымдылығын мына жолмен реттеңіз. Бастау экранында
панель управления (басқару тақтасы) деп жазып, одан кейін бағдарламалар тізімінен Панель
управления (Басқару тақтасы) тармағын таңдаңыз. Оформление и персонализация (Безендіру
және даралау) пәрменін таңдаңыз. Дисплей ішінен Настройка разрешения экрана (Экран
ажыратымдылығын реттеу) параметрін таңдаңыз.
HDMI үшін дыбыс реттеу
HDMI аудио параметрлерін реттеу үшін, алдымен ажыратымдылығы жоғары теледидар сияқты аудио
немесе бейне құрылғысын компьютердегі HDMI портына жалғаңыз. Одан кейін, әдепкі аудио ойнату
құрылғысының параметрлерін келесі жолмен реттеңіз:
1. Windows жұмыс үстелінде, тапсырмалар тақтасының оң жақ шетінде орналасқан хабарландыру
аймағындағы Динамики (Үндеткіштер) белгішесін оң жақ түймешікпен түртіп, Устройства
воспроизведения (Ойнату құрылғылары) пәрменін таңдаңыз.
2. Ойнату аймағынан Цифровой выход (Сандық шығыс) немесе Цифровое устройство вывода
(HDMI) (Сандық шығыс құралы (HDMI)) тармағын таңдаңыз.
3. По умолчанию (Әдепкі күйді орнату) пәрменін таңдап, OK түймешігін басыңыз.
Бейне 37