User Guide - Windows 8.1
7. Қатты дискіні көтеріп (3), оны қатты диск ұясынан шығарып алыңыз.
Қатты дискіні орнату
ЕСКЕРТПЕ: Компьютердің көрінісі осы бөлімдегі суреттегіден сәл өзгешелеу болуы мүмкін.
Қатты дискіні орнату үшін:
1. Қатты дискіні ұясына еңкейтіп кіргізіңіз де, ұяның ішінде тегіс ұстап орнатыңыз (1).
2. Қатты дискіні жалғағышқа жалғау үшін, пластмассалық тілді компьютердің ортасына қарай
тартыңыз (2).
3. Қатты дискінің бұрандаларын (3) бекітіңіз.
4. Қызмет көрсетуге арналған есікті орнына салыңыз (Қызмет көрсету үшін ашатын есікті орнына
салу (55-бет) бөлімін қараңыз).
5. Батареяны салыңыз (Батареяны салу (44-бет) қараңыз).
Қатты дискілерді пайдалану 57