User Guide - Windows 8.1

12 Computer Setup (BIOS), MultiBoot және HP
PC Hardware Diagnostics (UEFI)
Computer Setup пайдалану
Computer Setup немесе BIOS (Basic Input/Output System) жүйедегі бүкіл кіріс және шығыс
құрылғыларының (мысалы, диск жетектері, монитор, пернетақта, тінтуір және принтер) арасындағы
байланысты басқарады. Computer Setup ішінде орнатылған құрылғылардың параметрлері,
компьютердің жүктелу реті және жүйе мен кеңейтілген жадтың көлемі қамтылған.
ЕСКЕРТПЕ: Computer Setup құралына өзгертулер енгізу кезінде сақ болыңыз. Қателер компьютердің
жұмысына кедергі келтіруі мүмкін.
Computer Setup (Компьютерді орнату) утилитасын бастау
ЕСКЕРТПЕ: Қосымша драйверлі USB қолдауы іске қосылған болса, USB портына жалғанған сыртқы
пернетақтаны немесе тінтуірді Computer Setup утилитасында пайдалануға болады.
Computer Setup бастау үшін, мына әрекеттер орындаңыз:
1. Компьютерді қосыңыз немесе өшіріп, қайта іске қосыңыз және экранның төменгі жағында «Press
the ESC key for Startup Menu» (Бастау мәзірін ашу үшін ESC пернесін басыңыз) хабары көрсетіліп
тұрғанда, esc пернесін басыңыз.
2. Computer Setup утилитасына кіру үшін f10 пернесін басыңыз.
Computer Setup утилитасында жылжу және таңдау
Computer Setup утилитасында жылжу және таңдау үшін мына әрекеттер орындаңыз:
1. Компьютерді қосыңыз немесе өшіріп, қайта іске қосыңыз және экранның төменгі жағында «Press
the ESC key for Startup Menu» (Бастау мәзірін ашу үшін ESC пернесін басыңыз) хабары көрсетіліп
тұрғанда, esc пернесін басыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Computer Setup утилитасында жылжу және таңдауды жасау үшін, (сенсорлы тақта,
меңзегіш таяқша не USB тінтуірі сияқты) меңзегіш құрылғыны немесе пернетақтаны
пайдаланыңыз.
2. Computer Setup утилитасына кіру үшін f10 пернесін басыңыз.
Мәзірді немесе мәзір пәрменін таңдау үшін, tab пернесін және пернетақтаның көрсеткі
пернелерін пайдаланыңыз, одан кейін enter пернесін басыңыз немесе пәрменді таңдау үшін
меңзегіш құрылғыны пайдаланыңыз.
Жоғары не төмен жылжу үшін, экранның жоғары оң жақ бұрышындағы жоғары не төмен
көрсеткілерді нұқыңыз немесе пернетақтадағы жоғары не төмен көрсеткі пернелерін
басыңыз.
Ашық тұрған тілқатысу терезесін жабу және басты Computer Setup экранына оралу үшін, esc
пернесін басыңыз да, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Computer Setup пайдалану 81