User Guide - Windows 8.1

ЕСКЕРТПЕ: Егер компьютер желіге қосылған болса, бағдарламалардың жаңартуларын, әсіресе
жүйенің BIOS жаңартуларын орнатпас бұрын желілік әкімшімен байланысыңыз.
BIOS нұсқасын орнату іс реттері әртүрлі екен. Жүктеп алу үрдісі аяқталғаннан кейін экранда
көрсетілетін нұсқауларды орындаңыз. Нұсқаулар экранға шығарылмаған жағдайда мына
қадамдарды орындаңыз:
1. Бастау экранына файл сөзін жазып, Проводник (Жетектеуші) опциясын таңдаңыз.
2. Тағайындалған қатты дискіні басыңыз. Әдетте жергілікті диск (C:) тағайындалған қатты диск
болып табылады.
3. Алдында жазып алған қатты дискінің жолы арқылы құрамында жаңарту бар қалтаны ашыңыз.
4. .exe кеңейтімі бар файлды екі рет басыңыз (мысалы, файл атауы.exe).
BIOS орнатылуы басталады.
5. Экрандағы нұсқауларды орындау арқылы орнатуды аяқтаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Орнату сәтті аяқталды сияқты хабар экранға шығарылғаннан кейін жүктелген файлды
қатты дискіден жоюға болады.
MultiBoot желісін пайдалану
Жүктеу құрылғыларының реті туралы
Компьютер басталғанда, амалдық жүйе іске қосылған жүктеу құрылғыларынан жүктеуге кіріседі.
Зауытта қосылған MultiBoot утилитасы амалдық жүйенің жүктеу құрылғысын таңдау ретін басқарады.
Жүктеу құрылғыларының тізіміне оптикалық диск жетектері, дискет жетектері, желілік интерфейс
картасы (NIC), қатты дискілер және USB құрылғылары кіреді. Жүктеу құрылғыларында компьютерді
бастау және дұрыс жұмыс атқаруға қажет жүктелетін медиа немесе файлдар бар.
ЕСКЕРТПЕ: Кейбір жүктеу құрылғылары жүктеу ретіне қосылмас бұрын, оларды Computer Setup
утилитасында іске қосу қажет.
Computer Setup утилитасында жүктеу ретін өзгерту арқылы компьютердің жүктеу құрылғысын іздеу
ретіне де өзгерістерді енгізуге болады. Экранның төменгі жағында «Press the ESC key for Startup Menu»
(Қосылу мәзірін ашу үшін ESC пернесін басыңыз) хабары көрсетіліп тұрғанда, esc пернесін басыңыз,
одан кейін f9 пернесін басыңыз. f9 пернесі басылғанда, ағымдағы жүктеу құрылғыларды көрсететін
мәзір ашылады және жүктеу құрылғысын таңдауға мүмкіндік беріледі. Немесе MultiBoot Express
құралын компьютер қосылған не қайта басталған сайын компьютерде жүктеу құрылғысының
орналасуы сұралатындай етіп орнатуға болады.
MultiBoot таңдаулы параметрлерін таңдау
MultiBoot құралын келесі жағдайларда пайдалануға болады:
Компьютер іске қосылған сайын жаңа жүктеу ретін Computer Setup утилитасында жүктеу ретін
өзгерту арқылы орнату үшін.
Экранның төменгі жағында «Press the ESC key for Startup Menu» (Бастау мәзірін ашу үшін ESC
пернесін басыңыз) хабары көрсетіліп тұрғанда, esc пернесін басу арқылы жүктеу ретін
динамикалық түрде таңдап, Boot Device Options (Құрылғыларды жүктеу мүмкіндіктері) мәзірін
ашуға f9 пернесін басу үшін.
Айнымалы жүктеу реттерін орнатуға MultiBoot Express құралын пайдалану үшін. Компьютер іске
қосылған немесе қайта басталған сайын жүктеу құрылғысы сұралады.
84 12-тарау Computer Setup (BIOS), MultiBoot және HP PC Hardware Diagnostics (UEFI)