User Guide - Windows 8.1

Computer Setup утилитасында жаңа жүктеу ретін орнату
Computer Setup утилитасын бастап, компьютер іске қосылған немесе қайта басталған сайын
пайдаланылатын жүктеу ретін орнату үшін, мына әрекеттерді орындаңыз:
1. Компьютерді қосыңыз немесе өшіріп, қайта іске қосыңыз және экранның төменгі жағында «Press
the ESC key for Startup Menu» (Бастау мәзірін ашу үшін ESC пернесін басыңыз) хабары көрсетіліп
тұрғанда, esc пернесін басыңыз.
2. Computer Setup утилитасына кіру үшін f10 пернесін басыңыз.
3. Меңзегіш құрал немесе көрсеткі пернелердің көмегімен келесі мүмкіндіктердің біреуін таңдаңыз:
Advanced (Қосымша) > Boot Optionsүктеу опциялары) > UEFI Boot Order (UEFI жүктеу реті)
> UEFI Hybrid (UEFI гибриді),
Advanced (Қосымша) > Boot Optionsүктеу опциялары) > UEFI Boot Order (UEFI жүктеу реті)
> UEFI Native Boot (UEFI кірістірілген жүктеу) режимі,
Advanced (Қосымша) > Boot Optionsүктеу опциялары) > Legacy Boot Order (Әдетті жүктеу
реті) > Legacy Boot (Әдетті жүктеу) режимі,
enter пернесін басыңыз.
4. Құрылғыны жүктеу ретінің тізімінде жоғарыға жылжыту үшін, меңзегіш құрылғыны немесе
жоғары көрсеткі пернесін пайдаланыңыз немесе + пернесін басыңыз.
– немесе –
Құрылғыны жүктеу ретінің тізімінде төмен жылжыту үшін, меңзегіш құрылғыны немесе төмен
көрсеткі пернесін пайдаланыңыз немесе - пернесін басыңыз.
5. Өзгертулерді сақтап, Computer Setup утилитасынан шығу үшін, экранның төменгі сол жақ
бұрышында орналасқан Saveақтау) белгішесін басып, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
– немесе –
Көрсеткі пернелердің көмегімен Main (Негізгі) > Save Changes and Exit (Өзгертулерді сақтап шығу)
пәрменін таңдаңыз, одан кейін enter пернесін басыңыз.
Жүктеу құрылғысын f9 пернесін басып нұсқауларға сәйкес динамикалық түрде таңдау
Ағымдағы бастау процедурасы үшін жүктеу құрылғысын динамикалық түрде таңдауға мына
әрекеттерді орындаңыз:
1. Компьютерді қосыңыз немесе өшіріп, қайта іске қосыңыз және экранның төменгі жағында «Press
the ESC key for Startup Menu» (Бастау мәзірін ашу үшін ESC пернесін басыңыз) хабары көрсетіліп
тұрғанда, esc пернесін басыңыз және Select Boot Device (Жүктеу құрылғысын таңдау) мәзірі
ашылады.
2. f9 пернесін басыңыз.
3. Меңзегіш құрылғының немесе көрсеткі пернелердің көмегімен жүктеу құрылғысын таңдаңыз,
содан кейін enter пернесін басыңыз.
MultiBoot желісін пайдалану 85