User Guide - Windows 8.1

MultiBoot Express кеңестерін орнату
Computer Setup утилитасын бастап, компьютер іске қосылған немесе қайта басталған сайын MultiBoot
бастау мәзірін көрсететіндей етіп орнату үшін, мына әрекеттерді орындаңыз:
1. Компьютерді қосыңыз немесе өшіріп, қайта іске қосыңыз және экранның төменгі жағында «Press
the ESC key for Startup Menu» (Бастау мәзірін ашу үшін ESC пернесін басыңыз) хабары көрсетіліп
тұрғанда, esc пернесін басыңыз.
2. Computer Setup утилитасына кіру үшін f10 пернесін басыңыз.
3. Меңзегіш құрылғының және көрсеткі пернелердің көмегімен Advanced (Қосымша) > Boot Options
үктеу опциялары) > MultiBoot Express Boot Popup Delay (Sec) (Multiboot Express қалқыма
хабарын кідірту (сек)) пәрменін таңдаңыз, одан кейін enter пернесін басыңыз.
4. Әдепкі параметр ағымдағы MultiBoot параметріне жеткенше компьютердің басталу орналасқан
мәзірін экранға шығару уақытының секундта көрсетілетін мәнін Multiboot Express Popup Delay
(Sec) (Multiboot Express қалқыма хабарын кідірту (сек)) өрісіне енгізіңіз. («0» мәні таңдалған
жағдайда, Express Boot басталуының орналасу мәзірі көрсетілмейді.)
5. Өзгертулерді сақтап, Computer Setup утилитасынан шығу үшін, экранның төменгі сол жақ
бұрышында орналасқан Saveақтау) белгішесін басып, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
– немесе –
Көрсеткі пернелердің көмегімен Main (Негізгі) > Save Changes and Exit (Өзгертулерді сақтап шығу)
пәрменін таңдаңыз, одан кейін enter пернесін басыңыз.
Өзгертулер компьютер қайта іске қосылған кезде күшіне енеді.
MultiBoot Express таңдаулы параметрлерін енгізу
Express Boot мәзірі басталу кезінде экранда көрсетіліп тұрғанда, мына әрекеттерді орындауға болады:
Express Boot мәзірінде жүктеу құрылғысын анықтау үшін, берілген уақыт ауқымын таңдаңыз,
одан кейін enter пернесін басыңыз.
Компьютердің ағымдағы MultiBoot параметріне өтпеуі үшін, берілген уақыт аяқталғанша кез
келген пернені басыңыз. Компьютер жүктеу құрылғысы таңдалып, enter пернесі басылғанша
басталмайды.
Компьютердің ағымдағы MultiBoot параметрлеріне сәйкес басталуы үшін, берілген уақыт
аяқталғанша күте тұрыңыз.
HP PC Hardware Diagnostics (UEFI) пайдалану
HP PC Hardware Diagnostics – бірыңғай кеңейтілетін ішкі бағдарламалық құрал интерфейсі (UEFI). Бұл
құрал компьютердің аппараттық құралдарының дұрыс жұмыс істейтінін анықтау үшін
диагностикалық сынақтарды жүргізуге мүмкіндік береді. Құрал амалдық жүйенің сыртында жұмыс
істейді және амалдық жүйенің өзі немесе басқа бағдарламалық құралдар бөліктері туындауы мүмкін
аппараттық құралдың ақаулықтарын бөлектейді.
HP PC Hardware Diagnostics UEFI пайдалану үшін
1. Компьютерді қосып немесе қайта қосып, esc пернесін жылдам басыңыз да, f2 пернесін басыңыз.
BIOS бағдарламасы диагностикалық құралдарды үш орыннан төмендегі тәртіпте іздейді:
а. Қосылған USB диск жетегі
86 12-тарау Computer Setup (BIOS), MultiBoot және HP PC Hardware Diagnostics (UEFI)