Пайдаланушы нұсқаулығы
© Copyright 2018 HP Development Company, L.P. HDMI, HDMI Logo және High-Definition Multimedia Interface – HDMI Licensing LLC компаниясының сауда белгілері немесе тіркелген сауда белгілері. Windows – АҚШ және/немесе басқа елдердегі Microsoft корпорациясының тіркелген сауда белгісі немесе сауда белгісі. Осы жердегі мәліметтер ескертусіз өзгертілуі мүмкін. HP өнімдері мен қызметтеріне арналған жалғыз кепілдік – осындай өнімдермен және қызметтермен бірге берілетін тікелей кепілдіктер.
Осы нұсқаулық туралы Бұл нұсқаулық монитор мүмкіндіктері, мониторды орнату және техникалық сипаттамалар туралы ақпаратпен бағдарламалық құрал мен техникалық сипаттамаларды пайдаланып қамтамасыз етеді. АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Алды алынбаса, өлім жағдайына немесе ауыр жарақатқа себеп болуы мүмкін болған қауіпті жағдайды көрсетеді. ЕСКЕРТУ: Алды алынбаса, өлім жеңіл немесе орташа жарақатқа себеп болуы мүмкін болған қауіпті жағдайды көрсетеді.
iv Осы нұсқаулық туралы
Maзмұны 1 Жұмысқа кірісу ............................................................................................................................................ 1 Қауіпсіздік туралы маңызды ақпарат ............................................................................................................... 1 Өнім мүмкіндіктері мен құрамдастары .............................................................................................................. 2 Ерекшеліктер .................................
Мониторды тазалау ........................................................................................................................ 18 Мониторды тасымалдау ................................................................................................................. 18 қосымшасы а Техникалық сипаттар ............................................................................................................. 19 Алдын-ала орнатылған дисплей ажыратымдылықтары ........................................
1 Жұмысқа кірісу Қауіпсіздік туралы маңызды ақпарат Монитормен бірге қуат сымы берілген. Егер басқа сым пайдаланылса, осы мониторға сәйкес келетін қуат көзі мен қосылымды ғана пайдаланыңыз. Монитормен пайдаланылатын тиісті қуат сымының жиыны туралы ақпарат бойынша құжаттама жинағында берілген Өнім туралы ақпарат бөлімін қараңыз. АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Электр тогының соғу немесе жабдықты зақымдау қаупін азайту үшін: • Қуат сымын барлық уақытта оңай қол жеткізуге болатын айнымалы ток розеткасына қосыңыз.
Өнім мүмкіндіктері мен құрамдастары Ерекшеліктер Бұл өнім компьютер ойындарын экрандағы суреттер өзгергенде тегіс, жылдам, көзді шаршатпайтын ойнау мүмкіндігін беретін AMD FreeSync тексеруінен өткен монитор болып табылады. Мониторға жалғанған сыртқы көзде FreeSync драйвері орнатылған болуы керек. AMD FreeSync технологиясы монитордың жаңарту жиілігін графикалық картаның кадрлар жиілігіне құлыптау арқылы ойындар мен бейнелердегі үзілістер мен көріністердің бөлінуін азайтуға арналған.
ЕСКЕРТПЕ: Қауіпсіздік және заңдық ақпарат алу үшін, құжаттама жинағында берілген Өнім туралы ақпарат бөлімін қараңыз. Пайдаланушы нұсқауының соңғы нұсқасын ашу үшін, http://www.hp.com/ support сілтемесіне өтіп, өніміңізді табу нұсқауларын орындаңыз. Сосын Руководства пользователя (Пайдаланушы нұсқаулықтары) параметрін басыңыз. Артқы және бүйір бөлшектері Құрамдас бөлшегі Функциясы 1 Мәзір түймесі Экрандық мәзірді ашу, одан мәзір тармағын таңдау немесе оны жабу үшін басыңыз.
Құрамдас бөлшегі Функциясы 10 HDMI порты HDMI кабелін бастапқы құрылғыға жалғайды. 11 HDMI порты HDMI кабелін бастапқы құрылғыға жалғайды. 12 DisplayPort порты DisplayPort кабелін бастапқы құрылғыға жалғайды. ЕСКЕРТПЕ: Зарядтау порты бар USB 3.0 шығыс порты әрі смартфон немесе планшет сияқты құрылғыларды зарядтау үшін қуат береді. Тіпті қуат түймесі өшірілген болса да, экрандық мәзірде параметрлерді өзгерту арқылы зарядтау тогын қол жетімді етуге болады.
Кабельдерді қосу ЕСКЕРТПЕ: Монитор таңдаулы кабельдерімен ғана жеткізіледі. Бұл бөлімде берілген кабельдердің кейбіреуі монитор жинағына кірмейді. 1. Мониторды компьютер жанындағы ыңғайлы, жақсы желдетілетін жерге қойыңыз. 2. Видео кабелін қосыңыз. ЕСКЕРТПЕ: Монитор қай кірістерде жарамды бейне сигналдарының бар екенін автоматты түрде анықтайды. Кірістер монитор бүйіріндегі Қосу түймесін басып немесе экрандық дисплей арқылы Мәзір түймесін басып және Кірісті басқару опциясын таңдап таңдалады.
3. USB кіріс кабелінің бір ұшын монитордың артындағы USB кіріс портына, екіншісін бастапқы құрылғының USB шығыс портына жалғаңыз. 4. Қуат сымының бір шетін қуат көзіне (1), ал екіншісін жерге қосылған айнымалы ток розеткасына (2) жалғап, қуат көзі сымының дөңгелек шетін мониторға жалғаңыз (3). АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Электр тогының соғу немесе жабдықты зақымдау қаупін азайту үшін: Қуат сымының жерге тұйықтау ашасын ажыратпаңыз. Жерге тұйықтау ашасы - өте маңызды қауіпсіздік бөлшегі.
USB құрылғыларын жалғау Монитордың артында бір USB кіріс порты мен екі USB шығыс порты бар. ЕСКЕРТПЕ: Монитордағы USB порттарын іске қосу үшін монитордан USB кабелін компьютерге жалғауыңыз керек. Толық нұсқауларды Кабельдерді қосу (5-бет) бөлімінен қараңыз. Мониторды реттеу Монитор басын көз деңгейіне ыңғайлы етіп орнату үшін, оны алға немесе артқа еңкейтіңіз.
Мониторды қосу 1. Құралды қосу үшін қуат түймесін басыңыз. 2. Алдыңғы жағындағы қуат түймесін басып мониторды қосыңыз. МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Мониторлардағы пикселдердің күйіп кетуі экранда ұзақ уақыт бойы бір статикалық кескінді көрсетудің нәтижесінде орын алуы мүмкін.* Монитор экранында мұндай зақымдалуды болдырмау үшін экран сақтағышын қосу керек немесе ұзақ уақыт бойы пайдаланылмаса, мониторды өшіру керек. Қалдық кескін барлық СКД экрандарда орын алуы мүмкін жағдай.
Мониторды орнату Монитор басын қабырғаға, бұралмалы ілгішке немесе басқа орнату құрылғысына бекітуге болады. ЕСКЕРТПЕ: арналған. Бұл құрылғы UL немесе CSA белгілеген қабырғаға бекіту ұстағышымен ұстатылуға ЕСКЕРТУ: Бұл монитор VESA өнеркәсіптік стандартына сәйкес 100 мм орнату тесіктерін қолдайды. Мониторға қосымша ілгіш бекіту үшін төрт 4 мм, биіктігі 0,7 қадам және ұзындығы 10 мм бұрандалар қажет болады. Ұзын бұрандалар мониторды зақымдауы мүмкін.
VESA қабырға кронштейнін тағу Монитор басын қабырғаға, ілгекке немесе басқа қабырғаға бекіту құралына тағу кезінде қолдану үшін, монитор жинағына VESA қабырға кронштейні кіреді. 10 1. Монитор тұғырын шешіңіз. Мәлімет алу үшін Монитор тұғырын алу (9-бет) қараңыз. 2. Монитордың жоғарғы жағының артындағы ортадан бұранданы шешіп алыңыз. 3.
2 Мониторды пайдалану Бағдарламалық құрал және утилиталар Мына файлдарды http://www.hp.com/support ішінен жүктеп алып орнатуға болады. ● INF (Ақпарат) файлы ● ICM (Image Color Matching) файлдары (әрбір калибрленген түс қойындысы үшін бір файл) ● My Display бағдарламалық құралы Ақпарат файлы .INF файлы монитордың компьютердің графикалық адаптерімен үйлесімділігін қамтамасыз ету үшін Windows® операциялық жүйелері пайдаланатын монитор ресурстарын сипаттайды.
My Display бағдарламалық құралын пайдалану Оңтайлы көрініс параметрлерін таңдау үшін My Display бағдарламалық құралын пайдаланыңыз. Ойын, фильмдер, фотосурет өңдеу немесе жәй ғана құжаттар мен электрондық кестелерде жұмыс істеу үшін пайдалана аласыз. My Display бағдарламалық құралының көмегімен жарықтық, түс және контраст сияқты параметрлерді оңай реттеуге болады. Бағдарламалық құралды жүктеу My Display бағдарламалық құралын жүктеп алу үшін төмендегі нұсқауларды орындаңыз. 1. http://www.hp.
5. Масштабты реттеу үшін элементті алдыңғы тақтадағы + немесе – түймесін пайдаланыңыз. 6. Функцияны реттеп болғаннан кейін, Сохранить и вернуться (Сақтау және қайта оралу) тармағын таңдаңыз, егер параметрді сақтағыңыз келмесе, Отмена (Болдырмау) тармағын таңдаңыз, содан кейін негізгі мәзірден Выйти (Шығу) тармағын таңдаңыз. Негізгі мәзір Сипаттама Жарықтық Экранның жарықтық деңгейін реттейді. Зауыттық әдепкі параметр – 90.
3 Қолдау және ақаулықтарды жою Жиі кездесетін проблемаларды шешу Келесі кестеде болуы мүмкін ақаулар, әрбір ақаудың ықтимал себебі және ақауды жою үшін ұсынылатын әдістер көрсетілген. Ақау Ықтимал себебі Ақауды жою әдісі Экран бос немесе бейне жыпылықтайды. Қуат сымы ажыратылған. Қуат сымын қосыңыз. Қуат түймесі өшірілген. Монитор алдындағы қуат түймесін басыңыз. ЕСКЕРТПЕ: Егер қуат түймесін басу әсер етпесе, Қуат түймесін құлыптау мүмкіндігін ажырату үшін Қуат түймесін 10 секунд басып тұрыңыз.
Түйме бөгеулері Қуат түймесін немесе Меню (Мәзір) түймесін он секунд бойы басып тұру түймелер жұмысын құлыптайды. Функцияларын қайтару үшін, сол түймені он секунд қайта басып тұрыңыз. Бұл функция монитор белсенді сигналын көрсетіп, қосулы тұрғанда және экрандық дисплей ашық болмаған жағдайда қол жетімді болады. Қолдау қызметіне хабарласу Жабдық немесе бағдарламалық құрал ақауын шешу үшін, http://www.hp.com/support мекенжайына өтіңіз.
Нөмірлер жапсырмасын табу Сериялық нөмірі мен өнім нөмірі монитор басының астыңғы жағындағы жапсырмада орналасқан. Бұл нөмірлер мониторыңыздың моделі туралы HP компаниясына хабарласқанда қажет болуы мүмкін.
4 Мониторға техникалық қызмет көрсету Техникалық қызмет көрсету нұсқаулары Монитордың жұмысын жақсарту және оның жұмыс істеу мерзімін ұзарту үшін: ● Монитордың корпусын ашпаңыз немесе оны өзіңіз жөндеуге әрекет жасамаңыз. Пайдалану жөніндегі нұсқауларда көрсетілген басқару элементтерін ғана реттеңіз. Егер монитор дұрыс жұмыс істемесе, құлап түссе немесе зақымдалса, өкілетті HP дилеріне, сатушыға немесе қызмет көрсетушіге хабарласыңыз.
Мониторды тазалау 1. Мониторды өшіріңіз және құрылғының артынан қуат сымын ажыратыңыз. 2. Монитордың экраны мен корпусын жұмсақ, таза антистатикалық шүберекпен сүртіңіз. 3. Күрделірек тазалау жағдайларында 50/50 қатынасында су мен изопропил спиртінің қоспасын пайдаланыңыз. МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Шүберекке тазалағыш затты сеуіп, экран бетін ылғал шүберекпен жайлап сүртіңіз. Тазалағыш затты ешқашан тікелей экран бетіне сеппеңіз. Ол жақтаудың артына өтіп, электрониканы зақымдауы мүмкін.
а Техникалық сипаттар ЕСКЕРТПЕ: Барлық техникалық сипаттамалар HP компонент өндірушілері берген әдеттегі техникалық сипаттамалар болып табылады; нақты өнімділік жоғарырақ немесе төменірек болуы мүмкін. Бұл өнімнің соңғы немесе қосымша техникалық сипаттамаларын көру үшін http://www.hp.com/go/ quickspecs/ сілтемесіне кіріп, мониторға тән QuickSpecs табу үшін, арнайы дисплей үлгісін іздеңіз.
Қуат көзі 100 В айнымалы ток және 240 В айнымалы ток аралығында, 1,4 A 50/60 Гц Биіктігі: Жұмыс істеп тұрғанда 0 - 5000 м 0 - 16 400 фут Сақтау 0 - 12 192 м 0 - 40 000 фут Өлшенген қуат тұтыну мөлшері: Толық қуатты режим 88 Вт Қалыпты параметрлері 54 Вт Ұйқы <0,5 Вт Өшірулі <0,3 Вт Кіріс терминалы Екі HDMI порты, бір DisplayPort порты, бір USB 3.0 кіріс порты және екі USB 3.
Алдын ала орнаты лған Уақыт атауы Нүктелер форматы Көлденең жиілік (кГц) Тік жиілік (Гц) 1 480p 720 × 480 31,469 60 2 576p 720 × 576 31,25 50 3 720p50 1280 × 720 37,5 50 4 720p60 1280 × 720 45 60 5 1080p60 1920 × 1080 67,5 60 6 1080p50 1920 × 1080 56,25 50 Пайдаланушы режимдеріне кіру Мына жағдайларда бейне контроллерінің сигналы кездейсоқ алдын ала орнатылмаған режимді шақыруы мүмкін: ● Сіз стандартты графикалық адаптерді пайдаланып жатқан жоқсыз.
ә Қосылу мүмкіндігі HP әзірлейтін, өндіретін және сататын өнімдер мен қызметтердің жеке өздерін немесе көмекші құралдармен бірге барлық адамдар, соның ішінде физикалық қабілеттері шектеулі адамдар да қолдана алады. Қолдауы бар көмекші технологиялар HP өнімдері әр алуан амалдық жүйелерге көмекші технологияларды қолдайды және көмекші технологиялармен бірге жұмыс істеуге конфигурациялауға болады.